1. Спорттық-сауықтыру туризмі дегеніміз не? Туризм- бұл қоғамның белгілі бір санатының өмір салты тұлғаның
рухани және физикалық дамуының тиімді құралы. Отанға деген
сүйіспеншілікті және табиғатқа деген нәзік қарым-қатынас тәрбиесі,
халықтар мен ұлттар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністік болып
табылады.
Туризмнің дамуы мемлекеттік әлеуметтік экономикалық саясаттың
маңызды бөлігі болып табылады.
Спорттық-сауықтыру туризмі: дара және әлеуметтік бағыты бар сала,
қоғамның белгілі бір бөлігінің өмір-салты, тұлғаның рухани және
физикалық дамуындағы табиғатқа деген нәзік сезіміндегі халықтар мен
ұлттар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың тиімді құралы; Әр
ұлтқа тән халық шығармашылығын барлық әлеуметтік демографиялық
топтардың мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап зейнеткерлерге
дейін жеке белсенділік формасының еркіндігін сипаттайтын демалыс
түрі[1].
2.
Спорттық туризмнің түрлері Спорттық туризмнің негізгі түрлері деп келесі түрлерін атаймыз№
жаяу таулы шаңғы су велосипед авто мототуризм
Жас мөлшері
және әлеуметтік жағдайы бойынша спорттық
сауықтыру туризмі үлкен студенттік балалар мен жасөспірімдер жас
аралас мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған туризм деп бөлінеді
Спорттық сауықтыру туризмі азаматтардың қоғамдық қозғалысы
ретінде түсетін түсімді есептемейді және ұйымдастырылған
ұйымдастырылмаған туризмнен тұрады [2].
Спорттық сауықтыру туризмі өзінің мақсаты бойынша спорттық,
танымдық, оқу, зерттеу, экологиялық бағыттарға бөлінеді және оларды
біріктіреді.
Спорттық сауықтыру туризмі шаралар түрі бойынша саяхат,
спорттық, серуендер, жарыстар, экспедициялар, экстремалдық, спорт
турлары, спорттық туризм гидтері мен нұсқаушыларын дайындайтын
спорттық туристік мектептерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде өзінің
мақсаттарын жүзеге асырады.
Өзінің физикалық күш қуатын жұмсау арқылы бағыт бойынша
саяхаттау түрлерін туризмнің белсенді түрлері дейміз. Туризмнің белсенді
түрлеріне жаяу шаңғы су велосипед және бағыттың бойында құрамдасқан
туристік саяхаттар барысында көлік түрлерін пайдаланатын туризмнің
белсенді түрлеріне жатқызылады.
Сауықтыру міндеті туристік бағытты бойлай қозғалу мен денеге
түсірілетін физикалық салмақты дұрыс ұйымдастыру, белсенді демалыс
барысында табиғат факторларының ағза қызметіне оң әсер етуін жеке және
қоғамдық гигиенаны сақтау арқылы жүзеге асырылады. Сауықтыру
жүгірумен немесе жүзумен айналысатын адамдарды туристік жорықтарға
тарту, адамдардың ағзасына түсетін физикалық салмаққа бейімделуіне,
арылуына мүмкіндік береді. Өйткені бейімделу ағзаға түсетін біртекті
физикалық салмақтың тұрақты түрде ұзақ қайталануынан туындайды.