141
Бұл Шамнан Мысырға бара жатқан керуен еді. Олар Юсуфты
Мысырға әкеліп, істерінің жария боп қалуынан қорқып, оны
арзан бағаға сатып жіберді. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы
болсын):
«Жиырма дирһамға»
, – деген.
«Олар оны арзан бағаға бірнеше дирһамға сатып жіберді.
Өйткені олар
(Юсуфке)
құштар емес еді»
. Оны Мысыр
қазынасының уәзірі сатып алды.
«Мысырдағы оны сатып
алған кісі әйеліне: «Оған құрметпен қара. Мүмкін бізге
пайдасы тиер немесе бала қып алармыз», – деді»
.
Уәзір балалары жоқ егде тартқан кісі еді. Юсуф оның үйінде
баласы сияқты тәрбиеленді. Есейген кезінде уәзірдің сарай ісімен
шұғылданатын болды.
«Осылайша, Юсуфты ол жерге орналастырып, оған
түстердің жоруын үйреттік. Аллаһ Өз ісіне Үстем, бірақ
адамдардың көбі білмейді»
.
Юсуф бұзықтық пен пұтқа табынушылықтан аулақ, ізгі жігіт
болып өсті. Аллаһ тағала оған билік берді. Ол уәзірдің сарайына
басшылық ете бастады. Сондай-ақ оған білім беріп, адамдардың
ең білгіріне айналды. Аллаһ тағала:
«Ержеткенде оған билік пен білім бердік. Игілік
Достарыңызбен бөлісу: