138
хабарсыз едің.
(Сол уақытта)
Юсуф әкесіне: «Әкетайым! Мен
түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды көрдім. Оларды
маған сәжде қылған күйде көрдім», – деді.
(Яғқуб)
: «Ей,
балақайым! Түсіңді бауырларыңа айтпа! Саған бір
айлакерлік жасар. Расында, шайтан – адам баласына ашық
дұшпан», – деді»
, – деп айтқан.
Юсуфтың түсі
Юсуф кішкентай кезінде түсінде он бір жұлдыздың және күн
мен айдың өзіне сәжде қылғанын көреді. Яғқуб Юсуфты ұлы бір
құрмет күтіп тұрғанын аңғарады. Сондай-ақ ол Юсуфты
бауырларының көре алмайтындығын да білетін. Сондықтан ол
баласына түсін бауырларына айтпауын тапсырды. Юсуфтың он
бір бауырының ішінде Юсуфтың бір шешеден туған Бинямин
деген кіші інісі болатын. Қалған онының алтауы бір шешеден, ал
төртеуі басқа бір екі күңнен еді. Олар Юсуф пен Биняминді көре
алмайтын. Өйткені Яғқуб ол екеуін қатты жақсы көретіндігі
соншалық, оларсыз бір сәтке де шыдай алмайтын. Кейде Юсуф
ойнап сыртқа шығып кетсе, оны қайтадан қасына шақырып
алатын. Аллаһ тағала:
Достарыңызбен бөлісу: