258
бағынуға шешім қабылдап, өзінің басшылығымен өкілдерін алып
баратындығын айтады. Олардың келе жатқанын естіген
Сүлеймен қол астындағы үлкен жындарын жинап:
«Ей, жамиғат! Олар маған бойсұнып келуден бұрын оның
тағын маған қайсыларың алып келе аласыңдар?» – деді.
Жындардан бір мықты: «Мен саған оны орныңнан
тұрғаныңа дейін әкелемін. Менің бұған күшім жетеді әрі
сенуге болатын жанмын», – деді. Өзінде кітаптан білім болған
біреу: «Мен саған оны
(көзің жететін шекке қарап)
жанарың
өзіңе қайтқанша әкелемін»
, – дейді. Сүлеймен
тақтың жанына
келтіріліп, қойылғанын көрген сәтте:
«Бұл Раббымның мен шүкірлік етемін бе әлде оны
мойындамаймын ба –
(осыны)
сынау үшін берген кеңшілігі.
Кім игіліктерге алғыс білдірсе, өзі үшін алғыс білдіреді. Ал
кім оны мойындамаса, ақиқатында, Раббым – Бай
(яғни
ешкімге мұқтаж емес)
, өте Жомарт»
, – деді.
Бұл тақ әкелінген соң, Сүлеймен оны өзгертуге әмір береді.
Қызметкерлері оны жеңіл-желпі өзгеріске енгізеді.
Көп кешікпей патша сарайына Билқис та келіп түседі. Ішке
енген патшайым мен жанындағы өкілдері төрдегі тақтан көздерін
алмай таңырқап қалады. Таңданыстарын аңғарған Сүлеймен
Билқисқа:
–
Достарыңызбен бөлісу: