Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет234/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

Сенің тағың осындай ма?
– дейді. Билқис болса: 
– 
Дәл өзі сияқты
, – деп жауап береді. 
Сүлеймен келген қонақтарға өзіне Аллаһ тағаланың тарту 
еткен күш-құдіретін көрсеткісі келіп, түгелдей мөлдір шыныдан 
құрылған, тіпті еденінің астынан су ағызылып қойылған бір 
сарайға кіргізеді. Бұл сарайдың шеберлікпен жасалғаны сондай, 
су шынының үстінен ағып жатыр екен деп ойлаған Билқис кіре 
бере көйлегінің етегін түреді. Аллаһтың бұл кереметін көрген 
Билқис ханшайым бұл адам қолынан келмес ғажайып нәрсе 
екенін түсініп, ғаламат күштің өкілі Сүлеймен шақырып тұрған 
бұл діннің ақиқаттығына көзі жетіп, сол жерде: 
«Негізінде, мен 


259
 
 
өзіме әділетсіздік етіппін, енді Сүлейменмен бірге әлемдердің 
Раббысына бойсұндым»
, – деп иман келтіреді. Бір хабарларда, 
Билқистің Сүлейменге тұрмысқа шыққаны жайлы айтылады. 
Сүлейменнің дұғасы 
Сүлеймен құдірет Иесі тарабынан берілген ғажайып 
нығметтер мен биліктің өзінен кейін ешкімге нәсіп етілмеуін 
сұрап, Аллаһ тағалаға: 
«Раббым! Мені кешір және маған 
өзімнен кейін ешкімге тиесілі болмайтын патшалық бер»
1
, – 
деп дұға қылған.
Аллаһ тағала оның тілегін қабыл алып, мұндай билік 
Сүлейменнен кейін ешкімге бұйырған емес.
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Кеше кешке жындардың бір дәуі 
маған намазымды үзу үшін килікті. Сонда маған Аллаһ сондай 
күш берді, оны ұстап алдым да, бәрің көрулерің үшін 
мешіттің тіреулерінің біріне байлап қойғым келген еді, 
бауырым Сүлейменнің «Раббым! Мені кешір және маған 
өзімнен кейін ешкімге тиесілі болмайтын патшалық бер» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет