аса Мейірімді», – деді. Ол (кеме)
оларды таулардай толқында алып жүрді» 1 , – деп сипаттайды.
Сол уақытта оған Аллаһтан:
«Өзің және өзіңмен бірге болғандармен кемеге орналассаң: «Мақтау-мадақ бізді залым қауымдардан құтқарған Аллаһқа тән» де. Сондай-ақ «Раббым! Мені құтты бір қонысқа түсір! Сен – түсірушілердің ең абзалысың» де» 2 , – деген әмір келді.
Аллаһ тағала Нұхқа онымен бірге отбасын да құтқаруға уәде
берген еді. Шын мәнінде де, оның бір ұлынан басқа барлық
отбасы мүшелері, әйелі өзімен бірге кемеге шықты. Аллаһ тағала
Құранда:
«Аллаһ кәпірлерге Нұхтың әйелі мен Луттың әйелін мысалға келтірді. Ол екеуі Біздің құлдарымыздан екі ізгі құлдың әйелі еді, ол екеуі екеуіне опасыздық етті. Сонда ол екеуіне Аллаһтың алдында ештеңе пайда бермеді және: «Екеуің кірушілермен бірге тозақ отына кіріңдер», – делінді» 3 , – деп айтқан. Оның кәпір әйелі бұл кезде өліп қалған
еді. Ал кемеге мінген әйелі иманды болатын.
Нұхтың иман келтірмеген бір кәпір ұлы ғана кемеге
отырмады. Оның аты Ям болатын. Бір деректерде оны Канған деп
те атайды. Су тасқыны кезінде оны әкесі кемеге шақырды. Бұл
жағдай Құранда:
«Нұх айырылуда болған ұлына: «Ей, балақайым! Бізбен бірге (кемеге)
отыр, кәпірлерден болма!» – деп дауыстады. (Баласы Канған)
: «Мен судан сақтайтын тауға паналаймын», – деді. (Нұх)
: «Бүгін Аллаһтың әмірінен, Ол рақымшылық еткендерден басқаға сақтаушы жоқ», – дегенде, екеуінің 1
«Һуд» сүресі, 41-42 аяттар.
2
«Муминун» сүресі, 28-29 аяттар.
3
«Тахрим» сүресі, 10-аят.