оның ұрпақтарын қалдырдық. Кейінгілердің ішінде ол (Нұх)
жайлы (жақсы сөз)
қалдырдық. Нұхқа әлемдерден сәлем болсын! Біз ізгі (амал)
істеушілерді осылай марапаттаймыз. Ол біздің мүмін пенделерімізден. Сосын басқаларды суға батырдық» 1 ;
« (Ей,)
Нұхпен бірге (кемеге)
мінгізгендеріміздің ұрпақтары!» 2 – деп айтылған.
Нұх су тасқынынан кейін үш жүз елу жыл жасады делінген.
Ол бүкіл өмірін Аллаһқа ғибадат етумен өткізген.
Нұхтың қадір-қасиеттері Нұх жер бетіне жіберілген алғашқы елші еді
3
. Әбу Һурайра
(Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз
(с.а.с.):
«Қиямет күні мүміндер жиналып: «Раббымыздың алдында шапағатшы болатын біреуді іздесек» деп, Адамға келіп: «Ей, Адам! Сен – адамзаттың атасысың, Аллаһ сені Өз қолымен жаратты, Өзі саған рух үрледі, періштелерге бұйырып, саған сәжде жасатты және сені жаннатқа орналастырды, бізге Раббымыздың алдында шапағат етпейсің бе? Біздің жағдайымызды көрмейсің бе?» – дейді. (Адам)
: «Раббым қатты ашулы. Мұның алдында бұлай ашуланбаған, бұдан кейін де бұлай ашуланбайды. Мені жемістен қайтарып еді, күнәкарлық істедім. Өзім!... Өзім!... Менен басқаға барыңдар! Нұхқа барыңдар!» – дейді. Адамдар Нұхқа келіп: «Ей, Нұх! Сен – жер бетіне жіберілген әуелгі елшісің, Аллаһ сені шүкір етуші пенде деген, біздің жағдайымызды көрмейсің 1
«Саффат» сүресі, 75-82 аяттар.
2
«Исра» сүресі, 3-аят.
3
Елші мен пайғамбардың айырмашылығын кіріспеде келтіргенбіз.