«Әрине, олардың
(яғни пайғамбарлардың)
қиссаларында ақыл иелері үшін өнеге
бар.
(Құран)
бір жасанды сөз емес. Бірақ ол – өзінен бұрынғы
(кітаптарды)
растаушы, әр нәрсені жеке түсіндіруші және иман
келтірген ел үшін тура жол әрі мейірім»
3
, – деді.
Аллаһ тағала адам баласы жаратылғаннан бері өте көп
пайғамбарларды жіберді. Елшілер мен пайғамбарлар үздіксіз
1
Бірақ қазақ тілінде «пайғамбар» деген сөз елші мен нәбиге жалпы атау
ретінде қолданыла береді.
2
«Һуд» сүресі, 120-аят.
3
«Юсуф» сүресі, 111-аят.
13
бірінің артынан бірі келіп отырды. Тіпті Исраил ұрпақтарында
бір пайғамбар дүниеден өтсе, артынан басқа біреуі келіп тұрған.
Адамзат тура жолдан ауытқыған сайын, Аллаһ тағала оларды
адасудан құтқарып, тура, ақиқат жолына бағыттау үшін кейде бір
мезгілде үш-төрт пайғамбар мен елші жіберді. Олар қауымдарын
Аллаһқа шақыру жолында көп қиындықтар көрді, бірақ күш-
қайрат жұмсап, өз жолдауларын Аллаһтың әміріне сәйкес жеткізу
үшін шыдамдылық көрсетті. Олардың келгендері хақ әрі олар
адамзат үшін аса қажет болды. Өйткені Аллаһ тағала Қиямет күні
адамдар Өзіне:
«Біздің бұдан хабарымыз жоқ еді»
1
, – деп
айтпаулары үшін оларды ескертушісіз қалдырмаған.
Бұл қиссалар өзінің ақиқаттығымен ерекшеленеді, олар қиял
туындысы емес, әрі оқиғалар шынымен жер бетінде орын алған,
адамзат әрқилы тарихи кезеңдерде оларды бастарынан өткерген.
Сондай-ақ
бұл
қиссалар
өзінің
маңыздылығымен,
ғибраттылығымен, уақыт өткізуге арналған хикаялар еместігімен
де ерекшеленеді. Қиссаларда біз тура жолмен жүріп,
пайғамбарларға еруіміз үшін және алдыңғы пайғамбарлардың
үмбеттері жіберген қателіктерді қайталамауымыз үшін терең
мағыналар мен өнеге-ғибраттар қамтылған.
Егер біз ондағы оқиғаларға ой жүгіртсек, пайғамбарлар
төңірегінде сөз қозғайтын қиссалардың адамзат тарихының
белқазығы екенін түсінеміз. Рас, адамзат тарихында және оның
сілемін өзгертуде талай патшалар мен қолбасшылардың өзіндік
орындары бар. Бірақ адамзат тарихы іргетасының қалануында
елшілер мен пайғамбарлардың рөлі және олардың қалдырған
іздері әлдеқайда зор. Пайғамбарлар тарихынан хабарсыз жан
адамзат тарихына да тереңдеп еніп, түсіне алмайды. Осы күнге
дейін бұл әлемде жалғасып келе жатқан нәрсе, ол – жалған мен
ақиқат арасындағы және пайғамбарлардың ізбасарлары мен
олардың
дұшпандары
арасындағы
күрес.
Сондай-ақ
1
«Ағраф» сүресі, 172-аят.
|