«Ибраһимге Үйдің (Қағбаның)
орнын дайындаған кезімізде: «Маған еш нәрсені серік етіп қоспа және Үйімді тауап етушілер, (намазда)
тұрушылар мен рукуғ-сәжде жасаушылар үшін тазала» (, – дедік)
» 2 , – делінген.
Ибраһимге періште келіп, Қағбаның орнын көрсетті. Аллаһ
тағала:
«Бір кездері Ибраһимді Раббысы бір сөздермен сынағанда, ол оларды (бұйрықтарды)
толық орындады. «Ақиқатында сені адамдарға жолбасшы етемін», – деді. Ол: «Менің ұрпағымнан да», – деді. (Аллаһ)
: «Менің уәдем (ұрпағыңдағы)
әділетсіздерге қатысты емес», – деді. Сол кездері Үйді (Қағбаны)
адамдар үшін орталық әрі бейбітшілік орны еттік. «Ибраһимнің мақамынан (орнынан)
намаз оқитын орын етіп алыңдар». Біз Ибраһим мен Исмаилден: «Екеуің Үйімді (Қағбаны)
тауап етушілер, (онда)
ғибадат етіп отырушылар, рукуғ жасаушылар және сәжде қылушылар үшін тазалаңдар» (деп)
1
Хадисті әл-Бұхари, әт-Тирмизи және Ахмад жеткізген.
2
«Хаж» сүресі, 26-аят.
107
уәде алдық. Сол кездері Ибраһим: «Раббым! Бұл қаланы бейбіт ет әрі оның тұрғындарынан кім Аллаһқа және ақирет күніне иман келтірсе, (оларды)
жемістермен ризықтандыр», – деді. (Аллаһ)
: «Кәпір болғандарды да, аздап пайдаландырып, кейін оны тозақ азабына мәжбүр етемін. Ол баратын орын