115
баласына айтпай-ақ, бұл Аллаһтың әмірі деп оны өзі-ақ іске
асыруына болар еді. Бірақ ол ұлының да сауап алуын қалады. Бұл
жерде ата-аналарға ұл-қыздарын
сауап алуға қатыстыру
тұрғысында үлкен ғибрат бар.
– Ибраһим оған мен осыған бұйырылдым деген жоқ-ты.
Бәлкім, түсінде көргенін айтып тұспалдап жеткізді. Бірақ Исмаил
пайғамбарлардың түсінің ақиқат екенін білетін. Сондықтан ол
Аллаһтың әміріне толығымен мойынсұнып:
«Өзіңе бұйырылғанды орында. Аллаһ қаласа, мені
сабырлылардан табасың»
, – деді. Ғалымдар: «Осы сөйлемде
Аллаһ тағалаға қатысты әдептілік
пен кішіпейілділіктің шыңы
жатыр», – деген.
– Аллаһ тағаланың
«Сөйтіп, ол екеуі де бойсұнған кезде»
деген сөзінде: неге «фәләммә әсләмә»
1
(бойсұнған кезде) деді?
Олар әуелден-ақ бойсұнушы мұсылман емес пе еді? Бұл жерде
олардың Аллаһтың
әміріне толық, біржола бойсұнғандықтары
жайлы айтылған. Міне, бұл – шынайы мұсылмандық. Шынайы
мұсылмандық – Аллаһ тағаланың
әмірлері мен тыйымдарына
біржола толықтай бойсұну.
Демек, Ибраһим отқа тасталғанда өзін, сосын түсіндегі аян
арқылы ұлын Аллаһ жолында құрбандыққа тігіп,
барлық
сынақтардан өтті. Осыдан бастап Аллаһ жолына тарту ретінде,
сондай-ақ бүкіл әлемде Оған мойынсұну көрініс табу үшін әр
жылы мұсылмандар құрбандық шалады. Бұл құрбандықтағы
мақсат біз өз баласын Аллаһқа
құрбан етуге дайын болған
Ибраһимнің жолымен жүреміз дегенді білдіреді. Мұның
астарында «уа, Раббымыз, біз Ибраһимнің жолын қуып, өзімізді,
балаларымызды және мал-мүлкімізді Сенің жолыңда құрбан
етуге дайынбыз» деген ұлы мағына жатыр.
1
«Әсләмә» тілдік мағынасы – бойсұну, бірақ
бұл сөз термин ретінде
Ислам дінін қабылдау дегенді білдіреді.