ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет138/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   382
Байланысты:
Философия

барлық 
табиғатты тірі,
яғни жаны бар (гилозоизм) деп қарайды, өйткені, 
ойшылдың пікірінше, бұл Әлемді жаратқан Құдай оның жаны да, рухы 
да болады.
Д.Толанд философия тарихында христиан дінінің мистикалық 
жақтарын мүлде қабылдамайтын сыншы ретінде танылды. Оның 
пікірінше, Әлем туралы кез келген ілім ақыл-парасат тұрғысынан 
түсінікті, ал адамдардың іс-әрекеттері және қоғам нақты мүмкін 
болуға тиіс. Ақыл тезінен өтпегеннің барлығы да теріске шығарылуға 
тиіс, өйткені ары қарай ол мүмкін бола алмайды.


154
Оның ойынша, бастапқы христиандық дін жақсы дін болған.
Алайда белгілі бір уақыт өте келе, шіркеу қызметшілері әртүрлі әдет-
ғұрыптар мен салт-жораларды ойлап тауып, оның мәнін бұрмалай бас-
тады.
Діни мәселелерде деист бола отырып, Толанд табиғи пантеизм идея-
ларын насихаттады. Аса жарқын шығармаларының бірі – 
«пантеисти
-
кон»
кітабында ол: «Барлығы – бірбүтіннен, ал бірбүтін барлығынан 
пайда болды. Солай болған соң, Ғалам ұзындығы бойынша шексіз, 
тұтастай алғанда, қозғалыссыз және мәңгі өмір сүру және болашақта 
мәңгі болу мағынасында – бір мезгілде бұлжымас және қажетті», – деп 
жазды. 
Оның бұл идеялардың еуропалық философияның дамуына үлкен 
ықпалы болды.
«Адам еркіндігінің» қызықты тұжырымдамасын 
антони кол
-
линз
(1676-1729) ұсынды. 
«адам еркіндігі туралы философиялық 
зерттеулер» 
деген басты еңбегінде Құдайдың бастапқы рухани себебі 
мен рөлін тани отырып, ол әлемнің жаратылуына өзінің көзқарасын 
деизм тұрғысынан баяндап қана қойған жоқ, сонымен қатар Адамның 
тіршілік қарекетіндегі қажеттіліктің рөлін асыра көрсетіп, оның 
еркіндігіне қарсы шықты. Оның басында пайда болатын идеялардың 
барлығы – сыртқы материалдық денелер мен күштердің ықпал етуінің 
нәтижесі. Біз олардан азат емеспіз. Шындыққа жету де біз зерттеп 
жатқан сыртқы дүние нысандарының табиғатына байланысты. Іс-
әрекетке келсек, онда пайда болған кез келген сыртқы тосқауыл бір 
сәтте оны тоқтата алады. Тіпті біздің ұмтылыстарымыз бен қалау-
ниеттеріміз де табиғат қажеттілігіне тәуелді: біз оларды сырттан та-
бамыз.
Адам еркіндігіне бөгет болатын сыртқы факторларға қарамастан, 
бәрібір де «басқа түр» бар. Адам өзіне ұнайтынды таңдай алады 
және соған қол жеткізу үшін әрекет етеді. Адам Әлем, ондағы өзінің 
орны туралы әбден еркін ойлай алады. Бірақ, ақыр соңында, біздің 
барлық ойларымыз бен іс-әрекеттеріміз заттардың нақты табиғатымен 
шектеледі.
Әйтсе де ең бір тамаша нәрсе – ол адамның азат, еркін ойы, өйткені 
соның нәтижесінде заттардың шындығы ашылады. Еркін ой, бірінші 
кезекте, діни қағидаларды сынау үшін қажет, өйткені әлі күнге дейін 
қатып қалған діни қағидаттар төңірегіндегі айтыс-тартыстар тоқтар 
емес. Мысалы, Құдай – дене ме, дене емес пе? Ол адамға ұқсай ма, 
ұқсамай ма? Ол, мүмкін, ашулана немесе қуана алатын шығар? Ол 
қатыгез бе, әлде мейірімді ме?


155
Бір адамдар Құдайдан түскен деп Библияны көрсетсе, ал екіншілері 
Құранды, үшіншілері Авестаны және басқаларын айтады. Христиан 
Құдайының үштігін (Әке, Ұл, Қасиетті рух) қалай түсінуге болады? 
Өлімнен кейінгі өмір, жұмақ пен тозақ, бастапқы күнә дегендер не? 
Барлық осы сұрақтар бойынша әлі күнге дейін пікірталастар толастар 
емес. Сол себепті адам үшін еркін ойлау, діни адасушылықтардан ары-
лу ауадай қажет.
А.Коллинз адамдарды төзімділікке (толеранттыққа) шақыра оты-
рып, діни фанатизмнің кез келген түріне қарсы шығады. «Діни қарама-
қайшылықтарға бола әлемдік тарихта қаншама қан төгілді!» – деп 
қынжылады ойшыл. Бүгінгі күнгі адамзат үшін бұл мәселелер мен ой-
лар маңыздылығын жоғалтты ма, сірә?
Деизмнің келесі бір жарқын жақтаушысы болған философ, жара-
тылыстанушы, химик 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет