ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет139/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   382
Байланысты:
Философия

Джозеф пристли
(1733-1804) еді. Ол оттегін 
ашты, хлорлы сутегі мен аммиакты тапты, фотосинтезді сипаттады 
және ағылшын философы және дәрігері, қауымдасқан психологияның 
негізін салушы Дэвид Гарклидің (1705-1757) ілімін ары қарай дамытуға 
үлкен үлес қосты.
«Материя және рух туралы зерттеулер» (1777) деген шығармасында 
Пристли табиғат – материалдық, рух материяның қасиеті деп сендіреді. 
Пристли 
материя
деп ұзындығы, тартылыс және кері тебу күші бар 
түпнегізді санайды. Материя инертті емес, ол барлық мүмкін болатын 
күштерге толы. Егер сіз материядан тартылыс және кері тебу күштерін 
тартып алсаңыз, онда оның өзі де жоғалады.
адамның
табиғатында бір-біріне қарсы тұратын тәуелсіз жақтар 
жоқ – ол толығымен материалдық дене болып табылады. Жүйке 
жүйесінсіз және мисыз ешқандай да идеялар мен сезімдер болмайтын 
еді. Осы ойларының өздері-ақ Пристлидің 
орнықты материалист 
болғанын дәлелдейді.
әлеуметтік-саяси
көзқарастарында ол саяси және азаматтық 
бостандықтардың жақтаушысы ретінде әрекет етеді. Олардың өзара 
байланыстарын көрсете отырып, ол саяси бостандықтарға басымдық 
береді. Саяси бостандық болмаған жерде халық өзінің азаматтық 
құқықтарын қорғай алмайды.
Мемлекет мәселесін қараған кезде Пристли оның пайда болуының 
келісім-шарттық теориясын ұстанады. Өздерінің өмірге деген 
құқықтарын, еркіндігі мен меншігін қорғау үшін, адамдар мемлекет 
құруға келіседі. Өзін демократияның жақтаушысы ретінде көрсете 


156
отырып: «Бірақ егер шарт бұзылатын болса, онда халықтың одан бас 
тартуға және жаңа тәртіп орнатуға құқы бар», – деп санайды ойшыл.
Ағылшындық Ағартудың сипаттамасы осы дәуір ойшылдарының 
адамгершілік ізденістері мен ойларынсыз толық болмас еді. Бұл іске 
философ, эстетик және моралист 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет