ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет174/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   382
Байланысты:
Философия

«екінші табиғат»
жасауынан Шеллинг қоғамның 
ерекшелігін көреді. Адам өзін қоршаған әлемнің заттарын игереді және 
оларды шығармашылықпен түрлендіре, өзгерте отырып, өзінің еркіне 
бағындырады. Осы жерде субъективті және объективті заттар біртұтас 


196
бүтінге айналады. Ол «жасадың – яғни таныдың», «әрекет ет те, – 
таны» деген қағиданы ұстанады.
Алайда Шеллингтің ойынша, әлемді 
терең танып білуды
басқа 
жолмен де іске асыруға болады. Бұл – эзотерийлік (грекше ezoterikos – 
құпия, жасырын) жол, оған парасатты түйсік арқылы келуге болады. 
Бұған тек таңдаулылар, ерекше дарынды адамдар ғана қол жеткізе
алады.
Шеллинг әлемдік тарихты Даралықтың ең құнды жетістігі деп са-
найды. Тарих адамзаттың өзгерткіш қызметі арқылы іске асады. Алай-
да бұл жолда адамзат Даралыққа толық жете алмайды. Бұл мақсатқа 
қоғамды 
шексіз жетілдіру
арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан 
өздерінің алдына адамдар қоғамның қазіргі дамуы сатысында іске 
асыруға болатын мақсаттар мен міндеттер қоюға тиіс.
Шеллингтің филосфиялық жүйесінде өнер философиясына ерекше 
орын бөлінген. Егер Кант пен Фихте тарихтың мағынасын адамның 
моральдық жетілуінен көрсе, ал Шеллинг өнерден көреді.
Ойшылдың пікірінше, әсемдік арқылы Әлемді терең түсінуге 
және сезінуге болады, өйткені Универсумның
1
өзі – «дара өнер ту-
ындысы», ал табиғат – «рухтың санамен түйсінбейтін поэзиясы». 
Күннің шығуы мен батуының ғажаптығы, ара ұяларының ғажайып 
үйлесімі, гүлдердің алуан түрлері мен иістері, құстардың көктемдегі 
шықылықтары, тауешкінің сымбаты т.с.с. – осының бәрі бізді шексіз 
таңдандырады, өйткені әлемдегі әрбір затқа шексіз ақыл-парасаттан 
туған идея сай келеді.
ғылым
мен 
өнерді
салыстыра келе, Шеллинг 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет