203
өйткені жұрт сотталған адамның басқа да мүмкін болатын қасиеттері
туралы
білместен, оған тек қылмыскер деп қарайды. Бұл жағдайға
Г.Гегель
ойлаудың метафизикалық тәсілі
деген анықтама береді.
Дерексіздендіру, әлбетте, ойлау үдерісінде қажетті баспалдақ болып
табылады. Бірақ ойлаудағы дерексіздіктен нақтылыққа қарай өрлеуді
жүзеге асыра отырып, ары қарай қозғалу қажет.
Бізді қоршаған нақты болмыстың
өзі диалектиканың тамаша
үлгілерін көрсетеді, өйткені бұл дүниеде кез келген зат шектеулі,
бірақ орнықтылықпен бірге онда ішкі қарама-қайшылықтар
туғызған
тұрақты өзгерістер болып жатады, олар, ақыр соңында, оны шектерінен
шығарып, оның өзі енді басқа бір затқа айналады. Сөйтіп, диалектика
ойлау үдерісіне ғана емес, сондай-ақ тұтас объективтік әлемге де тән
болып табылады. Мысалы, дараланған дерексіз құқық қорқынышты
әділетсіздіктерге әкеледі; мораль саласында «тәкаппарлық құлдырауға
жеткізеді»; өткір нәрсенің мұқалуы да тез» т.с.с.
Сондықтан еш жерде – Аспанда, Жерде, Табиғатта және қоғамның
рухани өмірінде: «не – осы, не – басқасы» дейтін тұрпаттағы дерексіз
ойлаудың анықтамасына сәйкес келетін ештеңе жоқ. Кез келген бар
нәрсе – нақты нәрсе, демек, онда өзгешеліктер де, қарама-қайшылықтар
да бар. Зат өтпелі, өйткені оның сыртқы нақты, өзгеріп тұратын бол-
мысы ішкі орнықты мазмұнына сай емес. Қарама-қайшылық, міне, бұл
әлемнің шынайы қозғаушы күші – осы, оны ойлауға болмайды деудің
өзі күлкілі.
Сөйтіп, танымның диалектикалық
әдісін құра отырып, Гегель
философияның мәртебесі мен маңызын бұрын-соңды болмаған
биіктікке көтерді. Ол марксистік философияның
қалыптасуына ерек-
ше күшті ықпал етті, ол туралы алдағы параграфта айтатын боламыз.
Алайда әрбір адам сияқты, оның да
Достарыңызбен бөлісу: