бақытқа жету жолындағы үздіксіз талпынысы. Құдіретті немесе мейірімді Құдайлар адам
құмарлықтарының тұңғиығынан және оның қажеттіліктерінің
шатасып-бытысқан ортасынан пайда болады. Сонымен, адамның сан-
сыз қажеттіліктері және соларды қанағаттандыру үшін тынымсыз
әрекеттенуі – пайда болатын діннің арғы тегі болып табылады.
«Адамның надандығы түбі жоқ тұңғиық болса, қиялы да шексіз».
Надандықтың кесірінен түп-тамырынан ажырап қалған Табиғат
адамның таусылмайтын шексіз қиялымен біріккенде, құдіретті
Құдайларды тудырады.
Сондай-ақ Фейербах діннің психологиялық тамырларын терең
ашып көрсетеді. Бұл – адамның ажалсыздыққа ұмтылысы және соның
нәтижесінде жанның өлмейтініне, «басқа тамаша аспан әлемінің» бар
екеніне сену. Адам өмірінің соңы, шарасыздық, шектеулі өмір сүретіні
және келешектегі өлімнен қашып құтылудың мүмкін еместігі тура-
лы біледі, ал бұл оны терең күйзелістерге түсіріп, діннен сая іздеуге
итермелейді.
Дінді ұғыну, ойшылдың пікірінше, «адамның Құдай туралы ойлай-
тынын» түсінген кезде мүмкін болады, ал бұл – «адамның өзін жете
түсінгені». Демек, дін – тек қана адамға тән ерекше құбылыс.
Фейербах діннің тарихи қалыптасқан екі формасына талдау жа-
сайды. Алғашқысы – ол Табиғаттың мистикалық күштері (пұтқа
табынушылық). Екіншісі – адамды «бейнелеп және өзіне ұқсатып»
жаратқан Құдай идеясы.
Бұл тұрғыда құдіретті және шексіз Құдай мәні – дербес өмір сүреді-
міс деп көрсетілетін адамның рухани мәнінен басқа ештеңе де емес.
Ойшыл христиандықты бейшара күйге түскен адамдардың күш-
жігерлерін осы дүниедегі зұлымдықты жоюға бағыттаудың орнына,
оларды мүсіркеп, ана дүниеде жұмақ болатынына уәде беретіні үшін
жазғырады. «Мен Құдайды жоққа шығарамын, сол арқылы адам-
ды терістеуді терістеймін», – дейді Фейербах Гегель терминология-
сын пайдалана отырып. Өйткені «о дүниені» теріске шығару – «бұл
дүниені» растау дегенді білдіреді.