229
келетін және соған қатерге толы секіріс жасағысы келетін ниет пайда
болады. Бұл саты – діни саты.
Соған орай Кьёркегор ғылыми танымның күшіне сеніп, тұлғаның
ішкі
жан дүниесін
– күйзелістер, рухани
шарықтау
және
құлдырау
әлемін ұмытып кеткен замандастарын жазғырады. Дін сатысына
өтіп қана адам оларды өз өмірінің негізгі мәселесіне айналдыра ала-
ды. Бастапқыдан күнәһар тіршілік иесі ретінде ол өз кінәсін мойын-
дап және Құдаймен байланысқа түсіп қана өз-өзін таба алады. Ал бұл
күйзелістерді
бастан кешкенде ғана мүмкін болады.
Аталған сатыны көрсету үшін, Кьёркегор Библиядағы Ибраһим
(Авраам) бейнесіне жүгінеді. Ол Құдайға деген сенімі жолында жал-
ғыз сүйікті ұлын да құрбандыққа шалуға әзір-тін. Ойшыл адамның
өмір сүруінің этикалық және діни сатылары арасында пайда бола-
тын қарама-қайшылықтарға егжей-тегжейлі талдау жасайды. Шын
мәнінде, этикалық көзқарас тұрғысынан алғанда, Ибраһимның іс-
әрекеті адамға жат және қылмыстық әрекет болып табылады. Бұдан
Сократ пен Ибраһим арасындағы шексіз алшақтықты көреміз. Сок-
рат моральдық борышы жолында өз өмірін қиса, ол кезде Ибраһим
Құдай еркін орындау үшін жалғыз ұлын бауыздап, жауапкершілік
жүгін және күнәсін өзі арқалауға әзір. Осындай ерекше күшті қарама-
қайшылықтар
Достарыңызбен бөлісу: