ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


-тарау. XX ғасыРДағы ғылым мен ФилОсОФиЯ



Pdf көрінісі
бет214/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   382
Байланысты:
Философия

8-тарау. XX ғасыРДағы ғылым мен ФилОсОФиЯ
8.1. XX ғасыр философиясындағы негізгі үрдістер:
сциентизм мен антисциентизмнің күресі
Қазіргі заман философиясы деп біз, негізінен, XX ғасырдың 
ғылымы мен философиясын түсінеміз, өйткені XXI ғасырдың басын-
да ғана өмір сүріп жатқандықтан, философиялық деңгейде болып 
жатқандарды қорытындылау үшін, біз әлі жеткілікті рухани тәжірибе 
жинақтап үлгірген жоқпыз.
Өткен ғасыр әлемдік тарихта қашанда оқшау тұрған қалпында 
сақталады. Біріншіден, ол таным және қоршаған әлемді өзгерту 
мәселесінде адамның орасан үлкен мүмкіндіктері бар екенін көрсетті. 
Адамзат әйел-құдай Изиданың жамылғысындағы: «Мен бұрын болған, 
болып жатқан және болатын солмын және келуші бірде-бір тіршілік 
иесі менің жамылғымның етегін көтере алмайды» деген жазуды теріске 
шығарғандай. Өйткені нақ осы ғасырда табиғаттың ең бір құпия сыр-
ларына адам даналығының ғажап енуі орын алды. Нәтижесінде, 
атомдық электр станциялары адамдардың бейбіт өміріне энергия 
беріп жатыр; интернет бүкіл жер шарын қамтыды; жер шарының кез 
келген нүктесінен ұялы телефон арқылы басқалармен хабар алысуға 
болады; жолдардың үстімен жүз миллиондаған машиналар жүйткіп, 
жүз мыңдаған ұшақтар аспанды шиырласа, ғарыш кемелері жерді 
айнала ұшып жүр. Осылардың барлығы да бір ғана XX ғасырда іске 
асты! Адамдардың өмір салтында орын алған ғаламат өзгерістер фи-
лософияда 
сциентистік
бағыт тудырып, ойшылдардың оптимистік 
дүниетанымын оятты.
сциентизм
(лат. scientia – білім, ғылым) – бұл негізінде аса жоғары 
мәдени құндылық және адамның Әлемдегі бағдарын анықтаушы фак-
тор туралы ғылыми білім туралы ұғым жатқан идеялық ұстаным. 
Оның үстіне, ғылымның өзінің мұраты ретінде, әдетте, табиғат 
заңдарын танып білудегі жетістіктерінің және соған байланысты 
ғылыми-техникалық ілгерілеудің ықпалымен 
сциентизм
пайда бола-
тын нақты математикаландырылған жаратылыстану қарастырылады.
Қарама-қарсы идеялық ұстаным – ол 
антисциентизм
. Ол адамның 
әлемге қатынасының факторы сияқты мәдениет пен ғылыми таным 
саласындағы ғылымды және оның рөлін сын тұрғысынан бағалаудан 
көрінеді.
Алайда біз «шыңдар қаншалықты биік болса, тұңғиықтардың да 
соншалықты тереңдігі» туралы нақылды әрдайым есте ұстауға тиіспіз. 


239
АЭС-термен қатар атом бомбалары да пайда болды және оларды сы-
нау адамдарға жасалды (Хиросима мен Нагасакиді еске түсіріңіз), 
ядролық полигондар, Чернобыль АЭС-індегі жарылыс ғасырдың 
сциентистік қиялын түбірімен жоқ етті. Бұл философия саласында 
антисциентистік
көзқарастардың пайда болуына әкеп соқтырды.
XX ғасырдың тағы бір ерекшелігі – осыған дейінгі бірде-бір 
ғасырдың онда болған алапат соғыстарды және соған байланысты 
қатыгездіктерді білмегендігі болды. Он мыңдаған өрімдей жастар екі 
дүниежүзілік және одан кейінгі «жергілікті соғыстар» деп аталатын 
қақтығыстардың құрбаны болды. Адамның өмірі тіпті нәзік болып 
шықты. Бұл жағдай философтардың бір бөлігінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет