ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


«тарихи» бағыттың негізін салушы- лардың бірі – британдық ғалым, физикалық химия саласының көрнекті  маманы  майкл полани



Pdf көрінісі
бет233/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   382
Байланысты:
Философия

«тарихи»
бағыттың негізін салушы-
лардың бірі – британдық ғалым, физикалық химия саласының көрнекті 
маманы 
майкл полани
(1891-1976).
Ғылым және адам танымының басқа да түрлері, Поланидің ойын-
ша, таным үдерістерінің барлық мүмкін болатын қайта құрылуының 
(реконструкция) ішінен 
субъектінің түбегейлі жойылмайтындығынан
тұратын тұтастық алған. Сол арқылы Поланидің ғылым философиясы 
өз идеялары мен әдістері арқылы әлеуметтануға жақын жанаса отырып, 


258
позитивизмге де, «сыни рационализмге» де, яғни XX жүзжылдықтың 
60-70 жылдарындағы ғылым философиясының беделді бағыттарына 
балама болды.
Полани позитивистердің негізгі қағидаларын – 
«эмпиризм бағдар-
ламасын»
сынға алды. Сонымен қатар ол Поппердің таным үдерістерін 
мәдени-тарихи, әлеуметтік детерминациядан (яғни осы құбылысты 
болдыруы мүмкін себептерден) алшақтатып, логикалық-рационалдық 
тұрғыда қайта құру мүмкіндігі туралы идеясына да қарсы шықты.
Поланидің ойынша, әлеуметтік-мәдени тұжырым факторлары 
ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға ғана емес, сонымен 
бірге оның мазмұнына да маңызды ықпал етеді. Ғылыми теорияларды 
бағалау үшін, ғалымдардың өзара қарым-қатынасында ғана алынатын 
және игерілетін 
«айқын емес білімнің» 
де ерекше маңызы бар. Бұл білім 
іс жүзінде айқын формада – суреттеу, диаграмма, нұсқаулықтар неме-
се оқулықтардағы мәтіндер түрінде көрінбейді. Ол қашанда зияткерлік 
пікірсайыстар өтіп жататын сахна «пердесінің сыртында» қалады, 
бірақ олардың мазмұны мен сипатына айтарлықтай ықпал етеді.
Ғылыми білім туралы Поланидің және оның ізбасарларының осын-
дай көзқарасы 
«сыннан кейінгі рационализм»
деп аталды. Ол ғылыми 
ұтымдылықтың икемділеу түсінігін іздеуге бағытталу дегенді білдіреді. 
Ғылымның алға басуы – бәріне ортақ, «тұлғасыздандырылған» 
әлдебір білімге қарай жүру емес, таным үдерістеріне 
жеке қатысу 
мүмкіндіктерін арттыру, білім беру жүйелерін кеңейту және кәсіби 
зерттеу қызметі болып табылады.
Постпозитивизмге және оның негізгі бағыттарына талдау жасауды 
аяқтай келе, тағы бір белгілі тұлға – ағылшын философы және ғылым 
әдіскері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет