ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


ноэзис , ал, екінші жағынан, таным  үдерісінде жинақталатын мазмұн –  ноэма



Pdf көрінісі
бет243/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   382
Байланысты:
Философия

ноэзис
, ал, екінші жағынан, таным 
үдерісінде жинақталатын мазмұн – 
ноэма
бар.
Э.Гуссерльдің пікірінше, барлық ғылымдардың негізінде, тұтастай 
алғанда, теориялық-танымдық үдерісте барлықтарына таныс, өмірде 
кең қолданылатын және адамдар оның мәні туралы ойланбайтын мәңгі 
«тіршілік әлемі»
жатыр. Бұл – адамның іс жүзіндегі әрекеттерінің 
шындығы және оның болашақтағы мүмкіндіктері соның шектерінде 
айқындалатын, алдын ала беріліп қойған көкжиек. Ол, тегінде, 
нақтылықтың зерттелетін үдерістері егжей-тегжейлі талданған, 
қашанда толық болмайтын ғылыми танымынан әлдеқайда бұрын пай-
да болады, ал ол кезде тіршілік әлемі айқындығымен ерекшеленеді.
«Тіршілік әлемі» барлық мүмкін болатын мағыналармен толыққан, 
сондықтан заттарды танып біле отырып, біз оларға осы мағыналарды 
береміз. Алайда көпшілік адамдардың ойынша, олар өздерінің санасы-
на тәуелді болмай өмір сүретін сол нақтылықты танып біліп жатыр. 
Ал, шындығында, адамдар заттарға өздерінің «тіршілік әлемінен» 
келіп шығатын 
мағыналарды телиді. 
Міне, сондықтан феноменоло-
гия санада мағыналардың пайда болуын зерттейді. Ал ол үшін сананың 
өзінің түпнегізінде жатқан таза формаларына жету керек.
Бұл мақсаттарға жету үшін, Э.Гуссерль 
құбылыстық редукция 
(қысқарту, салыстыру) әдісі – 
«эпохені»
пайдаланады. Ол заттардың 
«эйдосы», яғни санаға ашылатын таза мағыналары айқындалғанға 
дейін олардың бір-бірлерімен кеңістіктік-уақыттық байланыстарын 
ескермеуді жорамалдайды. 
Демек, феноменологияның ұраны – 
үйіліп-төгілген сөздерден 
тазартылған заттардың өздеріне жүгіну.
Ал оның өзі – фактілер 
жайындағы емес, мән-мағыналар туралы ғылым.
Феноменологияның екі: 
идеалистік
және 
реалистік
тармағы бар.
Біріншісін Гуссерль ұсынған, өйткені заттарға қайта орала отырып, 
ол, ақырында, жалғыз нақтылық – сананы тапты: трансценденттік сана 
заттардың, іс-әрекеттердің, институттардың мағыналарын түзеді.
Екінші – реалистік тармақты М.Шелер ұсынды. Ол иерархиялық 


269
тұрғыда ретке келтірілген заттардың: жарық – көз үшін, дыбыс – құлақ 
және сезімдік түйсік үшін деген сияқты нақтылығына бағытталған.
макс Шелер
(1875-1928) жай ғана данышпан емес, данышпан-
«жанартау» болды. Феноменологиямен оны дерексіз құрылымдарға 
сенімсіздік көзқарасы және мәнге жетудің түйсіктік дарыны байла-
ныстырады. Феноменологияны өзінің «пайыммен қарауға келтіру» 
деп түсінуін, құбылыс фактілерінің табылуы мен ашылуын М.Шелер 
тартымдылық пен сүйіспеншілік, этикалық ерік беру феноменология-
сын әзірлеу үшін қолданды. Ізденістерінің нәтижесінде адам, тұлға, 
адам бойындағы «мәңгілік» феноменологиясы түпқазық болып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет