ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


 герменевтика: герменевтикалық дәстүр, ғылыми және



Pdf көрінісі
бет244/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   382
Байланысты:
Философия

8.7. герменевтика: герменевтикалық дәстүр, ғылыми және 
философиялық герменевтика
Қазіргі заман тұрғысынан алғанда, 
герменевтика
(гр.– germeneon – 
түсіндіру, ұғындыру) – ол нақты шындықтың (болмыстың) әртүрлі 
нысандарын 
герменевтикалық амалдарды
: герменевтика шеңбері, 
үйреншікті және ғылыми рефлексия, мәндеп түсіндіруді пайда-
лану жолымен 
түсіну туралы ғылым
. Терминнің өзінің әртүрлі 
түсіндірмелері бар:
– Кез келген: көркем, тарихи, философиялық, діни және басқадай 
шығармалар деп түсінілетін 
мәтіндерді түсіндіру
өнері;
– теориялық мағынасында: ол – мағынаға жету 
техникасы
1
тура-
лы ілім (бұл терминді «өзге, бөтен даралыққа жету өнері» деп түсіндіру 
де кездеседі);
– 
гуманитарлық ғылымдардың қағидалары
туралы ілім (бұл 
жерде енді онтологиялық және әлеуметтік-философиялық міндеттер 
әрекет етеді, яғни философиялық пәнге сілтеме жасалғаны байқалады).
Бұл ғылымның атауы «адамдарға Олимп құдайларының ерік-
қалауын түсіндіру» «міндеттерін» арқалаған ертедегі грек құдайы 
Герместің атынан шыққан.
Ертедегі грек философиясы мен филологиясында – ол басқаша 
айтуды және көпмағыналы нышан-белгілерді түсіну және түсіндіру 
өнері. Неоплатониктерде – ертедегі грек ақындарының (Гомер, Эс-
хил, Софокл және басқалары) шығармаларын жете түсіндіру. Христи-
ан жазушыларында – Библияны – Көне және Жаңа Өсиетті түсіндіру 
1
Мұнда: техника – мағынаға жету жолында қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы 
дегенді білдіреді.


270
өнері (мысалы, протестанттық теолог Уильям Баркли Інжіл мәтіндері 
түсіндірмелерінің 15 томын жазды). Мұсылман діндарларында Құран 
мен хадистердің мәтіндерін түсіндіру – 300-ден астам том құраған.
Ерекше пән – 
түсіндірме (интерпретация) әдістері туралы ілім 
ретінде – герменевтика XVII ғасырдың ортасынан басталды деуге бо-
лады. Оның алғашқы құжаты деп Даннхаузердің әдейі герменевтикаға 
арналған трактатын (1654) санау қабылданған.
Алайда XIX ғасыр басталғанға дейін герменевтика мәселесі ерек-
ше пән саласы ретінде ажыратылмады, соған байланысты герменев-
тика басқа пәндердің (бәрінен бұрын теология мен филологияның) бір 
бөлігі болып қалып, көбінесе ғылыми-зерттеу мақсаттарында емес, 
дидактикалық мақсатта пайдаланылатын болды.
Герменевтиканы ғылым ретінде негіздеу – неміс философы және 
протестант теолог 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет