ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет41/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   382
Байланысты:
Философия

мен қалай өмір сүріп жатырмын, 
менің өмірімнің мәні неде, басқа адамдарға қатынасым қандай және 
тағы сол сияқтылар
туралы ойға келтіру. Енді ғана мақсат жүзеге 
асты: адам өзінің жан дүниесі туралы, қалай өмір сүріп жатқаны жа-
йында ойлана бастады – демек, адамның ішкі дүниесі тазарды және ол 
көптеген нәрселерге басқа көзқараспен қарайтын болды.
Егер бұл осылай болса, онда 
өз-өзін танып-білу
, өзінің құмар-
лықтары мен орынсыз тілек-қалауларын тежеу, 
өз-өзін ұстау
– адамның 
ең жоғарғы мақсаты болып табылады, осы кезде ғана адам мен қоғам 
арасындағы қарама-қайшылықтар шешілуі мүмкін. Ұсақ тұрмыстық 
мұқтаждықтардан адам жалпыадамзаттық мәселелер деңгейіне дейін 
көтерілуге тиіс. Осыны дәлелдеу үшін, Сократ туралы М.Монтень 
баяндаған бір тәмсіл әңгімені келтірейік. Туған жері туралы қойылған 
сұраққа Сократ: «Мен Бүкіл әлемде дүниеге келгенмін», – деп жауап 
беріпті-міс. Оның ұлылығы да осында шығар, сірә.
сопыларға қатысты айтар болсақ
, бұл философиялық ағымның 
пайда болуы Афина полисінің, әсіресе «тура демократияның» гүлдене 
дамуымен, халық жиындарының, соттардың маңызы арта түскенімен 
тығыз байланысты. Билікті аңсаған афиналықтар сайлауларда ба-
сым көпшілік дауыс алуға тиіс болды. Ал ол үшін шешендік өнеріне 
(риторика), өз ісінің дұрыстығын негіздей және қарсыластарының 


48
көзқарастарын жоққа шығара (логика мен диалектика) білуге үйрену, 
жалпы, жақсы білімі (философия) болуы керек еді. Ал осының бәріне 
де аристократтар мен плутократтарды сопылар – философ-данышпан-
дар ақшаға (оның үстіне, аз ақшаға емес!) оқытатын. Бірақ еркін аза-
маттар сыйақы үшін еңбектенуден қашатындықтан, олар сопыларға 
жоғарыдан қарап, оларға «жалған данышпандар» деп (қазіргі заманғы 
әр тектегі «имиджмейкерлер» мен «политтехнологтар» сияқты) ат 
қойды.
Сопылыққа философиялық негіздеме берген 
протагор
(481-411 жж.) 
болды. Заттар қарама-қайшылықты болғандықтан, олардың әрқайсысы 
туралы бір-біріне тікелей қарама-қайшы екі тұжырым айтуға болады. 
Ол кезде олардың бірін таңдау керек, ал оны адам істейді. Сондықтан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет