ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет39/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   382
Байланысты:
Философия

гераклит Эфесскийді
(б.з.д. 530-470 жж.) атауға болады. Ол текті 
әулеттен шыққан, алайда патша тағынан бас тартып, Артемида 
ғибадатханасында оқшау өмір сүріп, өмірінің соңында мүлдем тақуа 
болып кеткен. Соған қарамастан, ол әрдайым патша билігінің белгісі 
бар әшекейлер тағынып жүретін. Жападан-жалғыз, бірақ паңданып 
жүретін ол тек балалармен ғана қуана араласатын, оның «балалығын» 
түсінбей, сұрақ қоятын айналасындағыларға: «Сендермен бірге 
мемлекеттік істерді шешкенше, балалармен ойнағаным жақсы емес 
пе?» – деп жауап беретін. Гераклиттің мінез-құлқы мен көзқарастарын 
оның билеуші Дарияға жіберген хаты, сірә, жақсырақ көрсетіп берер. 
Ол хатта Гераклитті біраз уақыт өзінің сарайында болуға шақырған 
патша Дарияның шақыруынан жиіркенішпен бас тарта отырып: «Ге-
раклит Эфесский патша Дарияға, Гистапстың ұлына сәлем жолдайды! 
Барлық адамдар шындық пен әділеттілік жолынан таяды. Олардың 
пайдақорлықтан басқа білері жоқ. Олар естерінен танғанша, бір ғана 
әбігерлі даңққа ұмтылады. Ал мен болсам... мекерлік маған жат және 


46
мен ешкімге де жау емеспін... Азғантайды қанағат тұтып, қалауымша 
өмір сүремін», – деп жазған.
Гераклиттің ойынша, әлем – бұл ретке келтірілген Ғарыш, ол 
қашанда болған, қазір де бар және мәңгі болатын, заңдылықпен 
тұтанып және заңдылықпен сөніп отыратын тірі от.
Сонымен қатар Гераклит заттардың өне бойғы өзгергіштігін де 
мойындайды. «Pan ta rei!» – бәрі ағып өтеді, бәрі өзгереді. Өзеннің бір 
суларына екі рет аяқ сала алмайсың, өйткені екінші ретте алғашқы 
сулар ағып кетті ғой. Сөйтіп, әлем – үздіксіз қалыптасу, өзгеру. Ал 
оның негізінде не жатыр? Бұл сұраққа ол: «Қарама-қарсылықтар және 
олардың бір-біріне өтуі», – деп жауап береді. Ауру денсаулықтың 
қадірін көрсетіп, жағымды етсе, аштық тойымдылық тудырады... 
егер өкпе-реніш болмаса, біз әділеттіліктің не екенін білмес едік және 
т.б. Дүниедегі барлық осы өзгерістерге Логос (грекше – ілім, сөз) 
бақылау жасайды. Гераклиттің түсінігінде ол заңға жақын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет