74
Тарихтың жаңа философиясы өзінің ақырына –
Құдай сотына және
Құдай патшалығының орнауына келе жатқан әлемдік тарихтың кері
айналмайтындығына сендіреді.
Әлемге деген жаңа көзқарастың қалыптасуына
неоплатонизм
өкілдері (Плотин, Ямвлих, Прокл) өз үлестерін қосты.
Олар ал-
дарына әлем идеяларының үлгілері бойынша материядан табиғат
денесін «құрастырған», идеялар мен заттар әлемі бір-бірімен грек
мифологиясының Құдай-ұстасы Демиургтің
көмегімен байланысқан
Платон философиясының осал жерлерін бекітуді мақсат етіп қойды.
Эманация
(emanation – лат. – ағу, кемерінен асу, тасу) ұстанымын
енгізе отырып, олар платонизм ұстанымын күшейтіп,
бір мезгілде
оны христиандықпен жақындастыра алды. Иерархияланған Әлемнің
шыңына жеткен «Бірбүтін» өзінің жан-жақты жетілгендігі мен
толыққандығына орай, кемерінен аса
бастағаны себепті Әлемдік
Ақылды (грекше nous – ақыл), ал ол, өз кезегінде, Әлемдік Жанды
(грекше psyche – жан) тудырды. Асып-тасып
бара жатқан соңғы Ай
астындағы Әлемімізде заттарға мағына, құндылық пен әсемдік бере
отырып, Өмірді дүниеге әкеледі. Содан
кейін христиан шіркеуінің
әкелеріне Бірбүтінді енді Әлемді жаратушы Құдай деп ұғыну қиын
болған жоқ.
2.2. патристика. а.августиннің философиясы
Орта ғасырлардың христиандық философиясын екі кезеңге:
Достарыңызбен бөлісу: