ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


«ақылды сенім тудырады, ал сенімді ақыл анықтайды»



Pdf көрінісі
бет94/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   382
Байланысты:
Философия

«ақылды сенім тудырады, ал сенімді ақыл анықтайды». 
Ақыл-ойдың көмегімен ғана біз шексіз Құдайға жақындай аламыз. 
Құдай, бір жағынан, барлығын 
барлық жерде 
қамтиды, ал, екінші 
жағынан, 
еш жерде ештеңе
де қамтымайды. Егер біз шардың кез кел-
ген жерінде бір нүкте белгілесек, ол соның ортасы болады. Сонымен 
бірге нүктенің кішкентайлығы соншалықты, тіпті оны жоқ деуге бола-
ды. 
Құдайдың математикалық белгісі (символы)
деген – осы.
Сөйтіп, Кузанскийдің пікірінше, Ғарыштың түпқазығы мен 
шеңбері – ол Құдай, сондықтан әлем шексіз емес. Алайда оны шекті 
деп те ойлауға болмайды, өйткені оның шегі жоқ. Нәтижесінде, Орта 
ғасырларда Жердің сондай деп саналғаны сияқты, 
әлемнің орнықты 
орталығының (түпқазығының) жоқтығы туралы идея
пайда болған. 
Кузанский астрономияда әлемнің геоорталық суретін жойған Копер-
ник революциясын осылай дайындаған.


105
Шындыққа
жету мәселелерін айтар болсақ, онда, Кузанскийдің 
ойынша, ол өзінің қарама-қайшылығы – 
өтірікпен
бірге берілген. 
Олар, күн мен түн сияқты, – жарық пен көлеңке. Әлемдердің ішіндегі 
ең жоғарғы, жарыққа толы дүниеде де көлеңке бар, ал толықтай 
қараңғы, ең төменгі әлемде де жарықтың сәулелерін көруге болады. 
Демек, адамның ең терең танымдары да қателіксіз емес. «Нағыз білгіш 
те өзінің білмейтінін біледі», – деп тұжырымдайды ойшыл.
Айтылғандарды қорытындылай келе, Н.Кузанскийдің диалектика-
лық ақылы Жаңа дәуірдің ғылымы мен философиясының қалыптасуы 
мен өркендеуіне орасан зор ықпал еткенін тағы бір рет ерекше атап 
өткенді жөн көрдік.
3.3. Қайта өрлеу дәуірінің ғылыми жетістіктері
Қайта өрлеу дәуірінде ғылым, негізінен, ғалымдардың ақыл-ойын 
әлі де схоластика торлап тұрған университеттерде дамыды. Бірақ со-
нымен бірге суретшілердің, сәулетшілердің, өнертапқыштардың ше-
берханалары ашылып, оларда бір пікірдегі замандастар бас қосып, 
ғылым мен өнердегі жаңалықтарды талқылайтын. Нақ сол көркем 
студиялардың қабырғаларында адам денесі құрылысын зерттеу 
басталған-ды, ал сәулетшілердің үлкен ғимараттарды жобалауы терең 
геометриялық және математикалық білімдерді қажет етеді емес пе.
Қайта өрлеу заманының ғалымдары алдыңғы кезекке тәжірибені, 
зерттеудің тәжірибелік әдістерін шығарады. Ғылымды математикалық 
жүйелеу ғылым дамуының, философиялық және ғылыми ойлаудың 
негізгі прогрессивтік үрдістеріне сай келеді.
Қайта өрлеу дәуірі алыптарының ішінде, мүмкін, ең тұлғалысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет