Сурет 1. Мобильді қосымшаны әзірлеу процесі
Осы процеске жеке-жеке тоқталып өтсек:
Идея
Кез келген құрастырылған қосымшалар болсын, дайын бағдарламалық өнім болсын ең алдымен идея
ретінде басталады. Егер бағдарламалық өнім немесе мобильді қосымша құру идеясы жоқ болса, онда
мұндай жұмысты бастаудың тиімдісі проблемалар және әлеуетті шешімдер тұрғысынан заттарды
ойлауға даярлау болып табылады. Егерде белгілі бір жағдайларға байланысты
туынған мәселелерге
қызығушылық танытып, «бұл мәселенің туындауына не себеп?» «бұл мәселені шешудің жақсы жолы бар
ма?» деген секілді сұрақтар арқылы мәселелер мен нарықтық тиімсіздікті анықталса, онда идеяның
жартысына қол жеткізгендік болып табылады.
Келесіде бұл мәселенің неліктен екенін түсіну және бұрын соңды бұл мәселе бойынша қосымша
жасалғаны жөнінде ақпарат іздестіру. Мәселе кеңістігіне мүмкіндігінше көп зерттеу жүргізу. Мәселені
толық түсінгеннен кейін, мобильді қосымша мәселені қалай шеше алатынын бағалауды бастау.
Достарыңызбен бөлісу: