Нәтижесін виртуалды құрылғыда немесе өзіңіздің Android операциялық жүйедегі телефоныңызда
тексере аласыз. Жалпы қосымшаны тестілеудің мынадай түрлері бар:
функционалдық тестілеу - берілген талаптарда сипатталғандай жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін
тестілеу;
қолданылуы бойынша тексеру - қосымшаның мүмкіндіктерін пайдаланушыға ыңғайлы және
интуитивті болуын тексеру үшін тестілеу;
құрылғыға арнайы тестілеу - құрылғылар мен операциялық жүйенің
комбинацияларының
көптігінен тестілеу кезінде бағдарламаның көптеген экран өлшемдері мен OЖ нұсқаларында тексеру;
Beta тестілеу - бұл қолданбаның түрлі құрылғыларда, орындарда, операциялық жүйеде және
желілік шарттарда қалай жұмыс істейтінін жан-жақты көру [5].
Мобильді қосымшаларды құрастырудың заманауи технологиясы дамып, кешенді түрде қолданып келе
жатыр. Технологияның қарыштаған заманында күн сайын мыңдаған
мобильді қосымшалар
құрастырылып, Google Play және Apple App Stores-қа жарияланып, кең қолданысқа шығуда. Бұл
мобильді қосымшалардың ең көп тарағандары әртүрлі ойындар мен қарым-қатынас жасауға арналған
әлеуметтік желілер және көптеген электрондық коммерциялық қосымшаларды атауға болады.
Барлық
қосымшалар, егер кәсіби түрде құрастырылса, мобильді қосымшалар адам өміріндегі күнделікті іс-
әрекетін жеңілдету үрдісіне пайдасы мол болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: