35
– Ана тіліміздің қоғамдық қызметін тарылтқан себептер сан алуан.
Солардың бірі – «сол тілде қазақ этносының қаншасы сөйлесіп келді,
сөйлейді және болашақта сөйлемекші?» деген сұраққа жауап.
Алдымен тілдің қоғамдық қызметі деп нені ұғамыз? Жан-жақты
дамып, өркендеп-өскен тілдердің ғылымда 30-дан 50-ге дейін әлеуметтік
қызметі бар екені анықталған. Ал
қазақ тілінде
көркем әдебиет, баспа,
радио, телевидение, театр, бала оқыту тілі, өзара қатынас құралы тілі
ретіндегі қызметтері т.б. деп термелеп айтсақ, олардың саны бар-жоғы
10-нан аспайды.Оның
балабақша тілі, маман дайындау тілі, ғылыми-
техника тілі
т.б. ретіндегі қызметін толыққанды дей алмаймыз.
Ана тілінде оқып білім алудың жүйелі де жалғасты болуы – аса
қажеттілік. Ең абзалы, баланың тілі қазақша шығып,
тәрбиесі қазақша
бала бақшасынан басталған екен. Оны мектепте де, жоғары білім алуда
да жалғастыру қажет. Олай болмаған жағдайда мектепті қазақша бітірген
бала орыс тілін жетік біліп келмесе, мамандық игеруде, сөз жоқ,
қатты
қиналады. «Жүзден жүйрік» дегендей, олардың зерегі мен зерделілері
ғана төтеп бере алады да, қалғандары 1–2 курстан кейін үлгіре алмай, не
ауылдарына қайтады, не қалада қалып жұмыс істейді, не қиналып жүріп
институтты, әйтеуір, бір бітіреді.
Бұл жағдайды таратып айта берсе, әңгіме көп. Оның тоқ етері, осы
мәселені республикада заңды түрде шешу қажет. Ауыл шаруашылық, мал
дәрігерлік, т.б.
институттарды бітіріп, қарапайым халық арасына барып
қызмет көрсететін жас мамандардың екі тілді бірдей білгені дұрыс-ақ.
Бірақ, амал нешік, бұл мәселе бізідің республикада күні бүгінге
дейін түбегейлі түрде шешілмей келеді. Сондықтан да болар, ұлттық тіл,
ұлтаралық қатынас сөз бола қалған жердің бәрінде де осы мәселе көлбеңдеп
алдыңнан шыға береді. Халық арасындағы кейбір түсінбеушілікті, мәселен
«баламызды қазақша оқытпаймыз, өйткені тілдің болашағы жоқ, оқуға түсе
алмайды» тіпті «нанын тауып жей алмайды (?!)» деп коллектив атынан хат
жазатын, алдыңды орағытып, сөйлетпейтін ата-аналардың қаланы былай
қойғанда, ауылдан да табылатындығын енді жасыруға болмайды. Бұл
әлеуметтік құбылысты терең түсініп, дұрыс шешу қажет.
Сөзіміз дәлелдірек болу үшін кейбір фактілерге де жүгіне
отырайық. Мәселен, республикамызда тек кейінгі 30 жылдың ішінде
700-ден астам қазақ мектебі жабылып қалғандығын «Қазақ әдебиеті» газеті
жазды (ноябрь,1988). Мұншама құлдыраудың себебі не екен десеңіз, жоғарыда
сөз болған ана тілі негізіндегі жалғастықтың бұзылуы деп жорамалдаймыз.