451
интеллигенциясы сөз жүзінде әңгімені көп айтамыз. Жаңа әліпбиге
көшетін болсақ көшейік, ол үшін алдымен комиссияны құруымыз
қажет. Және сол комиссия құрамына кімдер кіреді, соны да ойластыру
керек. Жалпы тәртіп бойынша құрамда қойшы, жұмысшы болу керек
емес, оған жаны ашитын көзі қарақты, азаматтық позицияда тұратын
жұрт болу керек. Латын жазуы қазаққа керек пе, жоқ па деп ашынып
жазуымның себебі сол еді. Латыншаға көшу айналасы бір жылдың
емес, 4-5 жылда шешілетін мәселе. Ең бастысы – әрбір тіл өзінің
тілдік ерекшелігін ескере отырып, басқа туыс тілдермен санасу керек.
Кириллицаны қолданысқа енгізгенде әрқайсысы әріпті, таңбаны
өздерінше жасады. Қысқасы, бірімізді біріміз түсінбейтін дәрежеге
жеткізді. Бұл туысқан халықтарды бір-біріне жақындастырмаудың
тәсілі сияқты болып көрінеді маған.
Достарыңызбен бөлісу: