2-китап indd


Ана тілі – бәріміздің анамыз



Pdf көрінісі
бет80/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

«Қазақстан әйелдері». 1982. № 2.
Ана тілі – бәріміздің анамыз
– 
Қазақ елі егемендік алғалы он төрт жылдан асты. Осы жылдарда 
атқарылған жұмыстарға және қазіргі жағдайға көңіліңіз тола ма? 
Қазақ тілінің болашағы туралы не айтар едіңіз?!
– Еліміз егемендік алған осы он бес жылдың ішінде халқымыз сан 
жағынан, әрі сапа жағынан да өсті, экономика, мәдениет жағынан дамып 
өркендеп келеді, мұндай даму ұлт тұрғысынан алғанда тарихта бұрын-
соңды болған емес. Бұл даму, бұл үрдіс бұдан кейін де жалғаса бермек. 
Халқымыз, еліміз дамудың тың сатысына көтерілді деп есептеймін.
Қоғамдық өмірде он бес жылда үй болудың өзі де тым оңайға 
соқпаса керек. Ал бір мемлекет деңгейінде айтқанда он бес жыл деген 
тым қысқа мерзім. Осы тұрғыдан қарағанда біз тез уақытта бой көтеріп, 
көптеген мақсатымызға қол жеткіздік.
Бұрын өзгелер қазақ халқын Ресейдің қарамағындағы көптеген 
ұлттардың бірі деп географиялық ұғым ретінде ғана танып келсе, бұл 
күндері шетелдегі саясаткерлер қазақтың кім екенін білуге барынша 
ынталануда. Олардың халқымызға деген көзқарасы кешегіден мүлде 
басқаша. Қазақ елінің әлемдегі ең озық елдердің қатарында тұруға 


175
мүмкіншілігі бар. Өзінің жер асты, жер үсті байлығы жеткілікті. 
Сондай-ақ, осы заманғы жаңа техниканы өздері игеріп кете алатын 
Н.Ә. Назарбаевтай басшысы бар халық. Экономика жағынан барлық 
байлығымызды қолымызға алып өзімізге жұмсасақ, күндердің-күнінде 
тұрмыс-жағдайымыз да көтеріледі. Сондай-ақ, халықтың ой санасы да 
табиғи түрде өседі деп ойлаймын. Осыған орай қазақ тілінің болашағы 
да зор деп кесімді жауап айта аламын.
– 
Бұл күндері дүниежүзіндегі қазақтардың жалпы жан саны 13 
миллион болса, ал оның бес миллионнан астамы шетелдерде тұрады. 
Осы елдердегі жағдайларға байланысты қазақ тілінің қолданыс аясы 
да, деңгейі де әр түрлі. Дегенмен, жалпы қарағанда, дәл қазір жаһандану 
үрдісіне байланысты шетелдерде қазақ тілінің тынысы барған сайын 
тарылып бара жатқандай. Әсіресе, ана тілінде мектептері мен 
басылымдары жоқ елдердегі қазақтардың тілдік жағдайы өте қиын 
екені айтпаса да белгілі. Яғни Қазақстанда қазақ тілінің өрісі кеңейіп, 
жағдайы жақсарғанымен, шетелдердегі қазақтардың тілдік мәселесі 
керісінше болып отыр. Осыған байланысты Қазақстан мемлекеті 
шетелдердегі қазақтарға осы жөнінен қандай іс-шаралар атқаруы, 
көмектер көрсетуі керек деп ойлайсыз?
Мен «Парасат» журналының «Болашақ Президент кім болады? 
Болашақ Президентке айтар тілегіңіз қалай»? – деген сауалына 
былай деп жауап бердім: Біз төрт көзіміз түгел болмай көп нәрседен 
ұтыламыз. Күні кешеге дейін қазақ халқымыздың жан саны елімізде 
30 пайыз ғана болды. Яғни, он адамның үшеуі ғана қазақ, ал қалғаны 
басқа ұлт. Мінекей сондықтан төрт көзіміз түгелденбей тіл мәселесі де, 
демография, экономика, мәдениет, салт-дәстүр, ұлттық қасиеттеріміздің 
барлығы түгелденбейді. Сондықтан, шетелдердегі бес миллиондай 
қазақтың Қазақстанға қайтып келуіне жағдай жасаса Президентіміздің 
бүкіл тарихта аты қалады, ұмытылмайды деп ойлаймын. Өйткені бұл 
күрделі де, ауыртпашылығы салмақты тарихи мәселе. Десе де шешуге 
болады.
Шетелдерде ата-бабаларының жеріне қайтып келуге құлшынып 
отырған қазақтар баршылық, оларға тиімді жағдай жасап, ортамыздан 
орын беруіміз керек. Жоғары жақта дұрыс шешілген кейбір мәселелер 
төменге барғанда қиындап, ретін таппай жатады. Меніңше, осылардың 
барлығын тез арада жөнге салып, оралмандарға орын, жұмыс тауып 
беріп, мамандық алуына мүмкіндік жасап, экономикалық жағынан 
жәрдем етіп отырса, бұл мәселе қалай да шешімін табар еді. Яғни 


176
бес миллион халық деген ол – бір мемлекет. Сондықтан қазақ еліне 
бес миллион қазақ келіп қосылса, қазақ өзінің қазақтығын таниды. 
Шетелдерден қаншама мамандар, ғылым докторлары мен кандидаттары 
Қазақстан мемлекетіне келіп біздің игілікті ісімізге үлесін қосып жатыр. 
Міне бұл қазағымыздың «елден ел кетсе жұт, елге ел қосылса құт» деген 
аталы сөзінің ақиқатына жүгіндіреді.
– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет