298
ХVІІ ғасыр жағдайында озбыр феодалдық жеке билікке қарсы өзіне
тән наразылықпен араласып кетеді.
Ізгілік, ар-намыс үшін күрес, билеуші топтарды сынға алу
«Периваньес және командор Оканьи», «Саламей алькальді», «Ең
жақсы алькальд – король», «Севиль жұлдызы» драмаларының
идеялық мазмұнын құрайды. Бірінші пьесада епті шаруа
Периваньес пен серілік орденнің командоры Оканьи ортасында
болған тартысты көрсетеді. Шаруаның ақылды, сұлу әйеліне «көзі
түскен» командор қандай жолмен болса да, өзінің арам пиғылына
жетуді ойлайды. Мұны сезген шаруаны бір жағынан синьорға деген
адалдығы, екінші жағынан өз отбасындағы адамгершілік борышы
азапқа салады. Периваньес жоқ уақытта командор айла жасап, оның
әйелінің алдына келеді. Тосаттан келіп қалған шаруа командорды
өлтіреді.
Пьесада Периваньес пен Оканьи ортасында болған отбасылық
қақтығыс шаруа мен дворян-ақсүйектер ортасындағы әлеуметтік
тартысқа дейін көтеріледі.
«Саламей алькальді» (1610) драмасында ар-намысын қорғаушы
және ақсүйектік зорлыққа қарсы күресуші шаруа образы бейнеленеді.
«Өз үйінде данышпан» пьесасында қарапайым шаруаның
тұрмысы, кедейлігі мен ар тазалығы билеуші топ өкілдерінің
менмендігіне қарсы қойылады.
Табиғи адал сезімге, салуатты, парасатты қарапайым кедей
жандарға, шаруаларға деген құрмет Лопе де Веганың «Өз үйің
- өлең төсегің» (1622), «Шаруа өз лашығында» (1617), «Басқалар
назарында тентек, өз ісіне пысық» (1635) пьесаларында жарқын
бейнеленген.
Лопе де Вега махаббат, отбасылық-тұрмыстық тақырыптарындағы
комедияларында («Плащ пен семсерлер комедиясы» деп те аталады)
махаббат еркіндігі және неке мәселелері көріністеріне ерекше көңіл
бөледі. Жалпы, «Шалғындағы ит», «Ыдыс жуушы асыл текті әйел»,
«Күзе көтерген қыз», «Би мұғалімі» атты шығармаларында жазушы
әр қандай ескі әдет-ғұрыптарды, келеңсіз феодалдық дәстүрлерді
сынға алады, адалдық, парасаттылық, адамгершілік қасиеттері мол
жандарды дәріптейді.
Достарыңызбен бөлісу: