290
жуу» хикаяланады.
Оның негізінде алдауға ермеу, кедергілерді
жеңу және ақыл нәтижесінде адамзатқа жұмақ есігі қайта ашылады
деген пікірлер жатыр. Адам
Ата мен Хауа Ана шайтанның
айласына алданып, күнаға батып, жұмақтан қуылса, олардың соңғы
ұрпақтарының бірі Иса ақылы жәрдемінде шайтанның тұзағына
түспейді, оны жеңеді және сол арқылы
адамзатты апаттан сақтап
қалады. Поэманың діни мазмұны шығарма идеясын шектеп қояды.
«Оралған жұмақта» алғашқы поэмадағы сияқты шайқас көрінісі
кең көлемде баяндалмайды. Поэма діни мазмұнда жазылғанымен,
нағыз саяси рухтағы шығарма болып табылады. Кітаптағы аңыздық
Иса інжілге келіп жүгінгенімен, ол ағылшын феодал-ақсүйектеріне
қарсы қойылған образ.
Поэмада шайтан өзінің алғашқы көтерілісшіл келбетін жоғалтқан
сипатта көрсетіледі. Ол енді «беделге қарсы көтерілістің»
көсемі
де емес. Дүние жүзін билеген және өзі «беделге» айналған шайтан
үшін озбырлыққа бағытталған наразылықтан еш нәрсе де қалмаған.
Енді онда өз күшіне сенбеушілік, екілену және қайғы пайда болады.
Шайтан бойындағы дүниеқоңыздық, сараңдық және өзімшілдік
мінездер автордың осы дәуірдегі
билік өкілдеріне сын көзбен
қарағандығының айқын дәлелі.
Поэмада шайтанға қарсы қойылған тұлға – Иса. Ол жеңіске
жеткен ақыл-парасаттың озық үлгісі ретінде көрсетілген. Мильтон
адам мінезіндегі қайшылықтар мен күрестерді емес, ал
діни
догманы бейнелейді. Иса шектелгендігіне байланысты поэманың
нағыз қаһарманы болудан алыс жатыр. «Жоғалған жұмақ»
поэмасының қаһарманы Адам Атаға онша ұқсамайды. Бірақ,
осыған қарамастан, Иса өз басынан көптеген қасіреттерді өткізген,
феодалдық реставрацияға жиіркенішпен қараған пуритан топтарды
еске түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: