274
ретінде іске кіріскен Сервантес аңғалдығының себебінен жазықсыз
жапа шегеді. 1592 жылы «жиналған астықты қате сараптады»
деп айыпталып, түрмеге жабылады. Басқа жұмыстарынан да
кемшіліктер табылады. Севилия қаласының банкирі Мадридке
өткізілетін ақшаны уақтында жібермейді, мұның үстіне ақшаның
құны түсіп қалады. «Өндірілмей қалған салықтар үшін кінәлі»
деп Сервантес 1597 жылы тағы да қамалады. Соңырақ бұл оқиғаға
қатысты дау-жанжал қайта көтеріліп, Сервантес 1602 жылы үшінші
рет абақтыға түседі.
Сервантестің «Дон Кихот» романын жазуы, оның өміріндегі
осындай ең қиын, ауыр кезеңдерге тура келеді. 1604 жылы
корольдіктің жаңа астанасы деп аталған Вальядолидке келгеннен
соң, оның әдеби қызметіне жағдай туады. Осы жерде «Дон Кихот»
романының бірінші бөлімі баспадан шығады (1605). Мұнан кейін
он төрт хикаяны өз ішіне алатын «Ғибратты новеллалар» жинағы
(1613), «Парнасқа саяхат» (1614) поэмасы баспадан шығады. 1615
жылы «Дон Кихоттың» екінші бөлімі жарияланады. Осы жылы оның
«Сегіз комедия және сегіз интермендия» атты пьесалар жинағы да
жазылады.
Сервантестің соңғы шығармасы «Персилес пен Сигизмунданың
саяхаты» романы жазушы дүниеден өткен соң ғана жарияланды.
Антик классикалық және Қайта өрлеу дәуірі әдебиетімен жақыннан
таныс, әскери қызмет пен шайқастарға қатысқан, бес жыл
тұтқында болған, мұнан да өзге едәуір азаптарды басынан өткізген
Сервантестің дүниетанымы гуманистік мазмұнда қалыптасты.
Бұл жағдай оның ірі реалистік жазушы дәрежесіне көтерілуіне
мүмкіндік берді. Сервантестің үздік әдеби таланты оның «Дон
Кихот» шығармасында айқын танылады.
Достарыңызбен бөлісу: