Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


1 тарау. Еж елгі шығыс философиясы



Pdf көрінісі
бет12/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

16
1 тарау. Еж елгі шығыс философиясы
алса, қарапайым адам қалай тиімді орналасып, пайда тапсам деп ойлайды; «тек- 
ті адамға» үлксн маңызды шаруалар тапсыруға болса, қарапайым адамға ондай 
тапсырма бере алмайсың, оларға тек қана ұсақ-түйек тапсыруға болады; «текті 
адам» басқалармен келісімді жағдайда өмір сүрсе де, олардың артынан ермейді, 
өзінің жолын ұстайды, ал қарапайым адам жұртпен келісімді өмір сүрмесе де, 
солардың айтқанын істеп, артында жүруге дайын тұрады, т.б.
«Текті адам» тек қана этикалық ұгым емес, ол саяси ұғым да. Ол халықты 
басқарады. Ал басқарудың негізгі қайнар көзі - басшының өз басының әдепті- 
лік қасиетгерін өзінен төмен түрғандарға мысал ретінде көрсету. Егер басшьшар 
«дао» жолымен жүрсе, онда халық оларға қарсы келмейді.
Кун-фу-цзы барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады десе 
де қоғамдық өмірге келгенде ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз қалпында дамуы 
керек деп есептейді. Сондықтан билеуші - билеуші, шенеунік - шенеунік, оке -
әке, ал бала - бала болып, аттарына байланысты емес, шын мэнінде қалулары 
керек. Ал оларда күтпеген жерде кездейсоқ өзгеріс бола қалса, ол тез арада өз 
қалпына келуі керек. Билеуші - әке, халқы - оның балалары. Осы тұрғыдан мемле- 
кет басқарылуы керек. Демек, «білу дегеніміз табиғатты емес, адамдарды танып- 
білу» деп есептейді. Кейбір адамдарға «туа біткен білім» тән болғандықтан, олар 
басқалардан жоғарырақ ту рады. Олардан кейін білімді оку арқылы алғандар 
тұрады. Оқу, білу тандамалы түрде болуы керек. Оқығанда тек өмірде керекті, 
ең дұрыс деген қағидаларды білу керек, қалғандарынан аулақ болу қажет. Білу 
дегеніміз - тек қана өзіміз білмейтінді үйреніп, білу емес, сонымен қатар зерттеп 
отырған мэселелерді жан-жақты қарастыру тәсілі.
М эн-цзы (б.д.д. 372-289 ж.) Кун-фу-цзының ілімін эрі қарай жалғастыра оты- 
рып, Аспан (Көк) объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды 
дей отырып, аспанның еркі адамдардың ерік-жігері арқылы көрінеді деген пікір 
айтады. Осыдан келіп, ол: «Адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған. 
Олай болса, ван (билеуші) халықты өз баласындай сүйсе, халық оны әкесінен 
жақсы көруі керек» деген тұжырым жасайды.
Сюнь-цзы (б.д.д. 313 ж.-белгісіз) Аспан мен жерді барлық денелердің шы- 
ғу тегі ретінде мойындаса да, тағдырды Аспанның ерік-жігері ретінде мойын- 
дамайды. Оның пікірінше, Аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып отырғаннан 
гөрі керекті заттарды көбейтіп, Аспанның өзін бағындырған дұрыс.
Әлем өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүреді, оны зерттеп, сырын ұқсаң, 
өз қажетіңе жаратуға болады. Олай болса, бақытты немесе бақытсыз, бай неме- 
се қайыршы болу адамдардың өзіне байланысты. Жалпы, адамдар табиғатынан 
зұлым, қызғаншақ, дүниеқоңыз болып туады. Тәрбие арқылы адамдарды адамгер- 
шілікке баулып, оның табиғатын өзгертуге болады. Ал адамдар өз тарапынан өзін- 
өзі жетілдіруге құлшынуы тиіс.
Конфуцийшілік б.д.д. I ғасырда мемлекеттік ілімге, ал IX ғасырдан бастап 
Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды.
Легистер (заңгерлер). Негізгі өкілдері - Шан Ян (б.д.д IV ғ.), Хань-Фэй-цзы 
(шамамен б.д.д. Ill ғ.). Легистер конфуцийшілердің мемлекетті одептілікке негіз- 
делген зандарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы бо­
лып, керісінше, мемлекетті тек қана заңга сүйеніп басқаруға болады, себебі «мейі-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет