Ілияс Есенберлин — қазақтың арғы тарихын …
Серия «История. Философия». № 4(80)/2015
23
ƏОЖ 821.512.122
Р.С.Каренов
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
(Е-mail: rkarenov@inbox.ru)
Ілияс Есенберлин — қазақтың арғы тарихын
алғаш қопара жазған дəуір суреткері
Туғанына 100 жыл толуына орай
Мақалада Ілияс Есенберлиннің ХV ғасырдан бастап ХІХ ғасырдың ортасына
дейінгі кезеңде қазақ
даласында болып өткен оқиғаларды қамтитын «Көшпенділер» тарихи трилогиясын құрған «Хан
Кене» (Қаһар) (1969), «Алмас қылыш» (1971) жəне «Жанталас» (1973) секілді танымал романдарына
басты назар аударылған. Қазақ халқының қалыптасуы барысы, оның Жоңғариямен, Қытаймен,
Хиуамен, Бұхарамен, Ресей империясымен күрделі өзара қарым-қатынастары суреттелген.
«Көшпенділердің» Қазақстанда
басылып шыққанынан кейін, аталмыш трилогия бүкілодақтық
аудиторияның басты назарына айналғандығы көрсетілген. 80-ші жылдардың басында І.Есенберлиннің
қазақ ұлттық бастауы жайлы əңгімелейтін жəне үш романнан тұратын «Алтын Орда» трилогиясын
жазғандығы туралы айтылған. Үздік қылқалам шеберінің қазақ даласының біртұтас жəне шынайы
тарихи суретін беруде, сондай-ақ кеңес идеологиясының темір құрсаулы қатаң талаптарына
қарамастан, көптеген тарихи тұлғалар мен оқиғаларды əділ бағалауда Қазақстанның кəсіпқой
тарихшыларын басып озғаны жəне бұл абыройлы іс болғандығы туралы қорытынды жасалған.
Кілт сөздер: тарих, тақырып, триология, көшпенділер, бейнелері, мемлекет, халық, тəуелсіздік, күрес-
тартыс, көтеріліс, тарихи концепция.
Кіріспе
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында жастардың жүрегіне
намыс отын жаққан, жалындаған
рухына май құйған ресми саясат тықпалаған Павлик Морозовтың ерлігі емес, Ұлы Отан соғысындағы
қазақтардың қаһармандығы, Бауыржанның жасындай жарқылдаған өрлігі, композитор Шəмші
Қалдаяқовтың жүрек қылын шертетін патриоттық əндерімен қатар, жазушы Ілияс Есенберлиннің
дара шығармалары,
Кенесары-Наурызбай, Шұбыртпалы Ағыбай, Жеке батыр, Таймас, Жанайдар,
Мəнжі, Бұқарбай сияқты батырлардың ерліктері еді. Бодандыққа мойын ұсынбай,
ондаған жылдар
бойы қаһарлы күрес жүргізген хан Кененің ардақты есімін «Алашта Кенекеме ер жетпейді» деп
жырлаған ХХ ғасырдың басындағы Мағжан Жұмабаевтан кейін халқымен қайта қауыштырған
І.Есенберлин болды.
Ілекең 60 жасқа толғанда «Жұлдыз» журналының қызметкері (Ш.Сариевпен) ұзақ əңгімелесіп
мынадай қызықты деректер ұсынған еді: «Мен əдебиет атты киелі шаңырақтың есігін өлең-жырмен
қаққан адаммын. Сол шаңырақтың табалдырығын аттап, ішке ендірген де — поэзия.
Прозаға 1961 жылдан бастап көштім. Осы жылы «Өзен жағасында» атты ең алғашқы повесім
жарық көрді. Бұл өзімді-өзім байқау, сынау кезеңі ғана болып қойған жоқ, сонымен бірге прозаның
ыстығы мен суығына төзуге, ащысы мен тəттісінің дəмін татуға, батыл-батыл кадам жасауға жол
ашты...
«Өлең жазудан қол үзбесем бе екен, əлде прозаға біржола ден қойсам ба екен?»
деген сияқты
сезім арпалысын жеңіп берген 1964 жылы жарыққа шыққан «Толқиды Есіл» атты повесім еді.
Қазақ əдебиетінің түп негізі қадым ғасырлар түрік қағанаттары дəуіріне тірелетіні бүгінгі
білімдар оқушы қауымға мəлім. Сөз өнерін ерекше қастерлеген, өз кезеңіне сай біршама мəдениеті
болған, сонымен бірге төл жазуы болған ата-бабаларымыз VІІ–VІІІ ғасырлардың өзінде
əдебиетіміздің басы саналатын «Орхон-Енисей жазулары» атты мəңгі өлмес мұра қалдырғанын
бүгінгі ғалымдар дəлелдеп көз жеткізгені анық. Ал, енді дербес қазақ атымен аталатын əдебиетіміздің
өмір сүруі XV ғасырдың орта шені десек, оған себепкер болған жай 1454 жылы Шу бойында Қазақ
хандығының құрылуы екен, осының нəтижесінде қазақ халқының аренаға шығуы екен. Міне, осы
тарихи датадан бастап бүгінгі өмірімізге дейінгі
аралыққа оймен көз жіберсек, туған халқымыздың
тарихы көркем əдебиетімізде, оның ішінде проза тілінде бейнеленіп, көрініс тапқанынан гөрі,
қамтылмағаны, айтылмағаны, сөз болмағаны соншама ұланғайыр көп екендігі назар аудартады.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Р.С.Каренов
24
Вестник Карагандинского университета
Ғасырлар, жылдар өткен сайын өзінің уақытысында, дер кезінде
айтылып қалмаған өмір
шындықтары түрлі өзгерістерге ұшырап кей ақиқаттардың бұрмалануы да ықтимал. Соған орай ат
басын сонау арыға бұрмай-ақ, ел болып етек жапқан шағымыздың өзі тілге тиек болу үшін қаншама
уақытты қажетсінер еді. Қалайда осы бір ұшан-теңіз ғұлама тарихымызды азда болса, əдебиетімізде
көрсетіп қалу, кейінгі ұрпаққа мұра ету — менің жазушылық арманым болатын-ды» [1].
Сонымен, жасынан Кенесары-Наурызбай туралы жырлар мен дастандарды, аңыздарды жаттап
өскен І.Есенберлин ақыры тарихи тақырыпқа құлаш ұрып, 1969 жылы «Қаһар»
;
1971 жылы «Алмас
қылыш», 1973 жылы «Жанталас» романдарын жазды. Бұл романдар XV ғасырдан XIX ғасырдың
ортасына дейінгі қазақ тарихы суреттелген «Көшпенділер» трилогиясына біріктірілді. Сөз болған
тақырыптар: қазақ халқының қалыптасуы; Қазақ хандығының Жоңғар хандығымен арпалысы; Қытай,
Хиуа, Бұхара, Ресей империясы секілді көршілерімен аумалы-төкпелі қарым-қатынастары. Кейінірек
(1982–1983 жж.) І.Есенберлин «Алтын Орда» трилогиясын жазды.
Жазушының бұл кітаптары
көптеген тілдерге аударылып, миллиондаған таралыммен шықты. Есенберлиннің тарихи романдары
Қазақстан мəдениетінде ерекше орын алды.