Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


V I тарау. Н ем іс классикальщ философиясы



Pdf көрінісі
бет175/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

V I тарау. Н ем іс классикальщ философиясы
2 0 3
рып, өзінен кейін қалыптасқан иррационалистік философиялық бағыттың негізін 
қалаушы болады.
Философия әлемінде өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырған ғұлама ой- 
хпыл, неміс классикалық философиясының ең биік шыңында тұрған -
Георг
Вильгельм Фридрих Гегель 1770 
жылы Штутгарт қаласында туьш, 
1831 
жылы 
Берлинде қайтыс болған. Негізгі еңбектері: «Рух феноменологиясы», «Логика ғы- 
лымы», «Қүқық философиясы», «Дін философиясы», «Философия ғылымының 
энциклопедиясы», т.б.
■Гегель өз философиясының бастамасы етіп абсолют идеясын алды. Абсолют 
- Құдай барлық заттарда бар, бірақ тек таза ақыл-ойда ғана өзіне-өзі тең болады. 
Абсолюттік идея - нағыз шындық, болмыс жэне барлық материалдық денелердің 
түпнегізі жэне мэні. Оның негізгі атрибуттарының бірі - әмбебап жалпылық. Ол -
тұрақты жэне мэңгі. Абсолюттік идеяға әрекетшілдік тэн, себебі ол - таза ақыл-ой, 
ақыл-ой әрекетшіл болмаса, өмір сүре алмайды. Осы қасиетінің арқасында ол жай 
ақыл-ой болып қалмайды, материалдық денелерге айналады. Бұл процесс төмен- 
де көрсетілгендей жүзеге асады: рух өзінен табиғат туралы таза ойын босатып, 
затгандырады жэне сол заттандырылған табиғаттың өзінде өзінің басқа болмысы 
ретінде сақталады. Сөйтіп, ол өзінің диалектикалық мэнін көрсетеді. Таза ақыл- 
ой дамуының диалектикасы табиғаттың, қоғамның, адамның ойлау қабілетінің 
жалпы заңы болып табылады. Осыдан келіп, Гегель табиғаттың, қоғамның, адам 
ақыл-ойының эртүрлі даму кезеңі абсолюттік идеяның эртүрлі даму сатысына 
саяды деген тұжырым жасайды. Даму процесі, Гегельдің пікірінше, белгілі бір кес- 
темен жүзеге асады: тезис (нақгылану), антитезис (нақтылануды теріске шығару) 
жэне синтез (терістеуді терістеу). Айталық, материалдық денелердің пайда болуы 
тезис болса, олардың күйреуі - анитезис, ал күйреп бара жатқан денелердің өзінің 
кейбір элементтерін сақтай отырып, басқа бір материалдық денелерге айналуы 
синтез болады. Табиғат пен қоғам дамуының қайнар көзі - абсолюттік идеяның 
өзіндік дамуы.
Дамудың белгілі сатысына жеткенде, өзін-өзі заттандырған абсолюттік идея 
ұйқыдан оянып, табиғаттағы өзін философия, ғылымдар арқылы танып-бшуге бел 
байлайды. Бүл процесс абсолюттік идеяның мақсаттылыққа қүштарлыгын көрсе- 
теДі. Өйткені абсолюттік идеяның эуел бастан-ақ негізгі мақсаты - ақиқатқа же- 
ту, ал ақиқаттың өзі абсолютгік идеяның өзі болғандықтан, бұл мақсатын жалпы 
дүниежүзілік тарихтың даму процесіндегі адамдардың іс-әрекеті негізінде жүзе- 
ге асырады. Демек, таным процесі дегеніміз — антропологиялық адамдарға «таза 
ақыл-ой санасының енуі» (феноменология дегеніміз осы) арқасында адамдар 
танып-білуші - субъектіге айналып, объектіні (өзінің басқа түрін) тануға ұм- 
тылады да, өзімен (абсолюттік идея субъект ретінде) табиғаттың (абсолюттік идея 
объект ретінде) арасында ешқандай айырмашылықтың жоқ екенін байқайды. Ал 
объект табиғат үстіндегі жамылғысын ысырып тастап, өзінің ақылды екенін түсі- 
ніп, ақиқат тілімен сөйлей бастайды. Сөйтіп, таньш-білуші рух та, танылуға тиісті 
рух та өзгереді: бір жағынан, танылған зандылықтар, қасиеттер объектіні абсо- 
лютгік идеяның бұрынғы, «өзінде болтан» кезінен баскаша қылып өзгертсе, екін- 
Іні жағынан, танымның өзі байып, жаңа сатыға көтеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет