Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 0 6 л Ф илософия тарихы



Pdf көрінісі
бет178/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 0 6
л
Ф илософия тарихы
Фейербах Канттың таным тұжырымдамасын сынға ала отырып, адам ақыл- 
ойы объективті нақтылықты дұрыс бейнелейді деп сенеді. Таным процссінде 
басты рөлді сезім атқарады, ал ойлаудың қызметі - сезім берген деректерді басқа 
деректермен байланыстыру.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. И. Канттың трансценденталдық таным теориясы жайлы не айта аласыз?
2. И.Г. Фихтенің «пракгикалық философиясы» кандай идеяға негізделген?
3. Ф.В. Шеллинг философиясындағы табиғат пен рухтың тепе-тендігі жайлы өз тұжы- 
рымдамаңыз қандай?
4. Г.Ф.В. Гегельдің диалектика туралы ілімі, оның негізгі категориялары мен принциптері 
қандай?
5. Л.А. Фейербахтың Канттың таным тұжырымдамасын сынға алуының себебі неде?




VII тарау
ХІХ-ХХ ҒАСЫРДАҒЫ Ф И ЛО СОФ И Я
XIX ғасырдың ортасында буржуазиялық революциялар артта қалып, Еуропа 
елдерінің көпшілігінде капитализм өз негізінде жедел қарқынмен дами бастады. 
Тарихи аренаға жаңа элеуметтік топтар: буржуазия жэне жұмысшылар келді. Бұл 
кезең жас буржуазияның капитал қорын жасау жолында қоғамда қалыптасқан 
дәстүр, эдст-ғұрып, эдептілік кағидалары сияқты элеуметтік құбылыстарды 
мойындамай, байлыққа қалай жетсең де өз еркің деген принципті басшы- 
лыққа алған кезең еді. Осындай жүгенсіз байлыққа ұмтылудың салдары халық 
жағдайының төмендеуіне, осы негізде олар мен буржуазияның арасындағы 
қайшылықтың шиеленісуінс алып келді. Күн тэртібінде осы шиеленіскен қарама- 
кайшылықтарды қайткен күнде де жоюға, тым болмаса бэсеңдетуге болады, оны 
қандай күш жүзеге асыра алады, жалпы адамзат капитализмге өтуі керек пе еді, 
элде онсыз амалдай тұруға болатын ба еді, т.б. осы сұрақтар көтерілді.
Өткен кезсңдердің саяси-философиялық көзқарастарының өздеріне қажетті 
деген ілімдерін эрі қарай дамыта жэне сол кездегі ғылыми жетістіктерге сүйене 
отырып, осы қойылған сұрақгарға жауап ретінде XIX ғасырдың 30-40 жылдарынан 
бастап көптеген саяси-философиялық ілімдср пайда бола бастады (либерализм, 
консерватизм, анархизм, Ницше ілімі, марксизм, т.б.).
Осы тұжырымдарды ң ішіндегі элемдік тарихтың дамуына пәрменді эсер етіп, 
өзіндік із қалдырғаны 
маркстік философия
болды. Негізгі өкілдері: Карл М аркс 
(1818-1883 ж.), Фридрих Энгельс (1820-1895 ж.), В.И. Ленин (1870-1924 ж.). 
Негізгі шығармалары: «Капитал», «1844 жылғы экономикалық-философиялық 
қолжазбалар» (К. Маркс), «Табиғат диалектикасы», «Анти-Дюринг» (Ф. Энгельс) 
жэне «Философиялық дэптерлер», «Материализм жэне эмпириокритицизм», 
«Мемлекет жэне революция», т.б. (В.И. Ленин).
Марксизм материяны түйсіктерімізге тәуелсіз бола тұрып, сол түйсіктері- 
міз арқылы көшірмесі, бейнесі түсетін объективтік нақтылық деп тұжырымдады 
(Ф. Энгельс, В.И. Ленин). Шын болмыс материя ғана. Оның өмір сүру түрлері -
кеңістік пен уақыт. Кеңістік үғымы заттардың бір-бірімен қатар және бөлек өмір 
сүруі, олардың бір-біріне қатысты орналасу тэртібі болса, уақыт - материалдық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет