Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


М ұсылман елдерінін, философиясы



Pdf көрінісі
бет220/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

М ұсылман елдерінін, философиясы
2 4 9
Бірак та ол өзінің Таухидке деген көзқарасы бойынша келесі тұжырымдарды 
жасайды: адам тек Құдайға деген махаббатын арттыру арқылы ғана үлылыққа, 
өсуге, толысуға жетеді.
Адамның элемдегі орны мен мэні туралы Құран мазмұнына өзінің көзқарасын 
жинақтай келіп, ол мынадай үш тұжырым жасайды: 1) барлық адамдар тең ғана 
емес, сонымен бірге бауырлар; 2) ерлер мен әйелдер туғаннан тең; 3) адам басқа 
да періштелер мен Құдайдың саналары жоқ жаратқандарынан артық болады.
Құдай мен адамның қарым-қатынасы: Құдай адамға бастапқы нұсқау сияқты 
нәрсені береді, одан эрі адам өз тағдырына, қоғамдағы өз тағдырына өзі жауапты 
болады.
Исламдық антропологияны баяндауында басты идея ретінде Али Шари’ ати 
келесі формуланы алға тартады: «Құдай рухы + иістенген балшық = адам». Ол 
бұған ұқсас идеяны Паскальдан табады, сонымен бірге Паскаль идеялары мен 
Құран ережелері арасында үлкен айырмашылықтар бар екендігін ескертіп өте- 
ді. Ол, сондай-ақ мэн мен тіршіліктің оппозициясы, соңғысының біріншісінің 
алдында болтаны туралы шынайы экзистенциалистік терминологияны қолданады 
(марксизм сияқты экзистенциализмді де ол Батыстың адастырушылығы деп есеп- 
тейді).
Оның Құдайдың вицерегенті ретіндегі мінсіз адам туралы ережесі өте маңыз- 
ды. Өзінің мінсіз адамды сипаттауында ол оған Христос пен Цезарьға, Сократ пен 
эл-Халладжға, Паскальға, Декартқа, Буддаға, Лао-Цзыға, Конфуцийге, Спартакқа, 
Әбу Дхарға жэне басқа да кейбір өмірде болған жэне жартылай аңызға айналған 
тұлғаларға тэн үндесу тэсілін пайдаланады. Исламдағы мінсіз адам - мінсіз қоғам 
Умма тақылеттес, ол сенім мен білімнің иесі болып табылады. Мінсіз адамда 
ақиқат, қайырымдылық, сұлулық немесе таным, эдеп, онер деген үш мэніс болады. 
Адам Құдайдың еркімен жерде өзіне жұмақ жасау үшін жұмақган табиғатқа, өзі 
ояну арқылы тамұққа түскені туралы тұжырымдайды Али Шари’ ати.
Қазіргі араб философиясында Д.Х. Джебранның алатын орны ерекше. Ол 
(1883-1931 ж.) туралы әдебиет өте көп. Оның еңбектері Америкада жүзден аса 
рет жарық көрген. Ең бастысы, философиялық романтизмнің негізін қалаған. 
Джебранның ойынша, абсолюттік поэзия жасауға болады, ал абсолюттік филосо­
фия құруға мүмкіндік жоқ, себебі өмір қозғалысы мэңгілік жэне көп регге бейғам. 
Өмір рефлексиясы (ағысы) қалай өзгерсе, философия да солай өзгеруі тиіс. Ол 
ақын ретінде: ақын өмірді рух көзімен, ал философ зердемен көреді дейді.
Джебран Ибн Синаны асақастерлеп, оны адамзаттың данасы деп, ал әл-Ғ азали- 
ді мұсылман теологиясы мен философиясының ең көрнекті өкілі деп бағалайды. 
Ол өзінің шығармаларын философиялық-нақыл және поэзиялық түрде, көркемдік 
деңгейі жэне өнер талғамы жоғары сипатта келтіріп жазған. Сондықтан да болар, 
Джебранның еңбектері жиырмадан астам елдің тілдеріне аударылған.
Джебранның философиялық көзқарасының ең биік шыңы оның «Пайғамбары» 
(1923) болып табылады. Ондағы монизмда гносеологиялық функция мен он- 
тологиялық мэн ретінде махаббат елеулі орьш алады. Махаббатга тек қана бір 
тілек бар - ол еңбек арқылы өмірді сүю. Сол өмірдің нағыз ашылмаған қү- 
пияларын білу, ал өзін-өзі тану мәселесі мұнда жүрекпен сезіну деңгейінде кө- 
рінеді. Джебран философиясында маңызды жайттар - Құдай, дін, өзінің сенімін




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет