НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қазақстандық оқушылардың табыстары



Pdf көрінісі
бет151/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстандық оқушылардың табыстары. 
Назарбаев зияткерлік мектептері – 
орта білімнің жаңа сапасы
Жаңа ғасырда біз талантты оқушыларды бұрынғыдан да қатты қолдай 
бастадық. 2001 жылға қарай дарынды балаларға арналған 20 маманданды-
рылған мектеп жұмыс істесе, 2010 жылдың басында олардың саны 115-ке 
жетті.
2007 жылы Қазақстан математика мен жаратылыстану пәндері бойын-
ша төртінші сынып оқушыларының білімін бағалауға арналған халықара-
лық зерттеуге (Third International Mathematics and Science Study) қатысты. 
Қазақстандық оқушылар жоғары ұпай жинап, 43 ел ішінде бесінші орын 
иеленді.
Қазақстанның жоғары сынып оқушылары арасындағы халықаралық ма-
тематика олимпиадаларындағы жетістіктері ерекше маңызды. Дәл осы та-
быстар 2007 жылы халықаралық ұйымдастыру комитетінің 51-Халықаралық 
математика олимпиадасын 2010 жылы Қазақстанда өткізу туралы шешіміне 
әсер етті. Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасынан бірінші болып 
математикадан осы бір мәртебелі «әлем чемпионатының» ұйымдасты-
рушысы болғаны да есте қаларлық жайт.
2010 жылдың шілдесінде Астанаға 51-Халықаралық олимпиадаға қатысу 
үшін 110 елден 600 жас математик келді. Жарыс «Балдәурен» республи-
калық білім беру-сауықтыру орталығында өтті. Тартысты сында Қазақстан 
командасы (Қытай, Ресей, АҚШ және Оңтүстік Корея сияқты мектептегі ма-
тематикалық дайындық ісінде дәстүрлі түрде күшті болып саналатын ел-
дердің ізін ала) бесінші орынды жеңіп алды.
Оқушыларымыздың онжылдық ішінде халықаралық жарыстарда жеңіп 
алған марапаттарының бірнеше есе өсуі де ерекше көрнекті: 2001 жылы 
қазақстандық оқушылар 34 медаль иеленсе, 2011 жылы халықаралық жүл-
делер саны 900-ден асып кетті. Мұның бәрі отандық білім беру жүйесінің 
бәсекеге қабілеттілігі бірнеше есе өскенін айғақтады.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
275
Мен білім сапасына ұдайы ерекше көңіл бөліп отырдым. Білім сапасы-
ның артуына жол ашқан негізгі шешімнің бірі – Қазақстанда білім берудің 
ең заманауи, инновациялық, көп тілді моделін қалыптастыру идеясы бол-
ды. 2009 жылы талантты балалармен жұмыс істеуге арналған бірегей жоба 
– Назарбаев зияткерлік мектептері дүниеге келді. 
Математиканы, физиканы, химияны, биологияны тереңдетіп оқытатын 
жиырма зияткерлік мектеп елдің барлық аймағында құрыла бастады. Ал-
дыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, бұл мектептер 
түлектерін үздік қазақстандық және халықаралық ЖОО-да білімін жалғас-
тыруға дайындады. 2010 жылдың басында осындай мектептер Астанада, 
Семейде, Көкшетауда, Талдықорғанда, Өскеменде ашылды.
Назарбаев зияткерлік мектептері бүкіл еліміз бойынша орта мектеп-
тердегі оқыту процесін жаңғыртуда шешуші рөлге ие бола бастады. Шын 
мәнінде, бұл – мектептегі білім сапасын үздік әлемдік стандарттар деңгейі-
не шығаруға бағытталған ұлттық орта білім жүйесінің локомотиві.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет