НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет148/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақ жеріндегі қауышулар
әлем дінбасыларының басқосуы
2000 жылдары Қазақстанға әлемдік ірі конфессиялар басшылары бірне-
ше рет келіп қайтты. Бұл олардың Қазақстан халқына құрметін және біздің 
конфессияаралық келісім үлгіміздің тиімділігін мойындауын білдірсе керек.
2001 жылдың 22–25 қыркүйегінде Астанаға Рим католик шіркеуінің бас-
шысы, католик әлемінің рухани көшбасшысы – Рим Папасы ІІ Иоанн Па-
велдің келуі ел өміріндегі маңызды оқиға болды. 11 қыркүйекте АҚШ-тағы 
лаңкестер соққысынан бүкіл әлем қалтырап кеткенін, оның мұсылмандар-
ды жеккөрушілік толқынын тудырғанын ескерсек, христиан-католиктер 
көшбасшысының келуі ерекше маңызға ие болды.
Бұл понтификтің Еуразия құрлығының Азия бөлігіне бірінші сапары еді, 
сондықтан әлемде үлкен резонанс тудырды. Қазақстанның жас астанасына 
мыңдаған тәуетуші келді. Аз уақыт бұрын ғана елорда мәртебесін иеленген 
Астана осынау жауапты шараны абыроймен өткізді.
Мен Қазақстанның барша халқы атынан, әлемдегі беймаза жағдай-
ға қарамастан, Астанаға ат басын бұрып, адамзатты ислам фобиясынан 
сақтандырғаны үшін Рим Папасына ризашылық білдірдім.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде сөз алған Ва-
тикан басшысы университеттің Еуразиялық деп аталуының өзі ұлы елге 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
267
тән миссияны – Еуропа мен Азия арасындағы, мәдениеттер мен дәстүр-
лер арасындағы байланыс миссиясын танытатынын айтты. Рим Папасы 
Қазақстанды «кездесу, алмасу және жаңалық мекені» деп қабылдады. Ол 
Қазақстанда қол жеткізілген келісім «барлық адамдарды бейбітқатар өмір 
сүруге шақырудың айқын белгісі ретінде бүкіл әлемге көрсетіле алатынын» 
ерекше атап өтті. 
Жеке кездескенімізде понтифик маған шын жүректен: «Мен Қазақстан 
тәуелсіздігінің мығым болғанын тілеймін. Осы мығымдық өмірдің барлық 
саласына – экономикаға да, мәдениетке де, саясатқа да тән болсын», – 
дегені есімде. Понтификтің бұл сөзін мен көпті көрген, біздің әлемімізді 
жақсарта түсу жолында бірегей үлес қосқан ұлы адамның өз халқым үшін 
бұдан әрі де аянбай еңбек етуіме берген батасы деп қабылдадым. 
2000 жылдары Астанаға Бүкіләлемдік Ислам лигасының Бас хатшысы 
Шейх Абдалла бен Әбдел Мұхсин ат-Түрки бірнеше рет келді. Бұл сапар-
лар Қазақстанның ислам әлемімен етене байланыста екенін айқындай түсті.
Бүкіләлемдік Ислам лигасы Бас хатшысының дінаралық диалог пен 
әлемдік діндерді ұстанушылар арасындағы ортақ сыйластықты дамыту 
мәселесіндегі біздің еңбегімізді үнемі жоғары бағалап, қолдап отырғанын 
айта кеткеніміз жөн.
2010 жылдың қаңтарында Астанаға Орыс Православ шіркеуінің басшы-
сы Патриарх Кирилл алғаш рет келіп, жаңа Қасиетті Успен соборын дәріп-
теді. Содан кейін ол Алматы халқымен кездесу өткізді, Гвардияшыл-панфи-
ловшылар паркіндегі Даңқ мемориалына гүлдесте қойды. Кездесуіміздің 
соңында Патриарх: «Қазақстан оның еңбексүйгіш және бейбіт халқы, Пре-
зиденті мен елдің болашағы үшін оған үлкен жауапкершілік жүктеген 
барлық адамдар Жаратушының ықылысына бөленсін», – деді қоштасып 
тұрып. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет