ШЫҰ-ның Астанадағы мерейтойлық саммиті
2010–2011 жылдары ШЫҰ төрағалығы Қазақстан Республикасына өтті.
Ұйым қызметінің тәжірибесіне жаңа жұмыс форматы – Іс-қимыл жоспары
енгізілді.
ШЫҰ төрағалығы қызметінде Қазақстан үшін өңірлік және жаһандық
қауіпсіздікті нығайту мәселесі маңызды басымдық болды. Сөйте тұрса да,
біз ШЫҰ-ның үшінші елдерге қарсы бағытталған әскери-саяси одақ емес
екенін ұдайы есте ұстадық. ШЫҰ – ең алдымен, жарғылық мақсат-міндет-
терін іске асыруға күштік тәсілдермен және құралдармен емес, бейбіт жол-
мен қол жеткізетін ұйым.
Дегенмен ШЫҰ қазіргі әлемнің қатаң талаптарын да елеусіз қалдыра
алмайды. Ұйым көптеген жеке және өңірлік «ыстық нүктелерді», сондай-ақ
«үш қырсықпен» – терроризммен, сеператизммен және экстремизммен
күрес мәселелерін назарда ұстап отыруға мәжбүр. Ауғанстанда, шын-
дығында, бүкіл Орталық Азияның тағдыры шешіліп жатқанын ШЫҰ анық
түйсінеді.
Қазақстан төрағалығының маңызды оқиғаларының бірі – 2010 жылдың
қыркүйегінде Жамбыл облысында өткен және дағдарыстық жағдайлардан
304
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
шығудың ортақ тәсілдерін қалыптастыруға жол ашқан – лаңкестікке қарсы
«Бейбітшілік миссиясы-2010» жаттығулары болды.
2011 жылы ШЫҰ өзінің алғашқы онжылдық мерейтойына келіп жетті.
Бұл оқиғаның ғаламдық маңызын түсіне отырып, Қазақстан мерейтойлық
саммиттің өткізілу уақытын бір жыл бұрын, яғни 2011 жылдың 15 маусы-
мына белгіледі. Өйткені 10 жыл бұрын, дәл осы күні Шанхайда ШЫҰ құру
туралы шешім қабылданған болатын.
2011 жылдың 14–15 маусымында Астанада ШЫҰ елдері басшыларының
ұйымның 10 жылдығына арналған кеңесі өткізілді. Жиынға Қытай Халық
Рес публикасының төрағасы Ху Цзиньтао, Ресей Федерациясының прези-
денті Д. А. Медведев, Өзбекстан Республикасының президенті И. А. Кари-
мов, Тәжікстан Республикасының президенті Э. Рахмон, Қырғыз Респуб-
ликасының президенті Р. И. Отунбаева қатысты. Саммитте ұйымға мүше
мемлекеттер басшыларымен бірге ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекет
басшылары – Иран Ислам Республикасының президенті М. Ахмадинежад,
Пәкістан Ислам Республикасының президенті А. Зардари, Үндістан Рес-
публикасының сыртқы істер министрі М. Кришна, Моңғолия президент
әкімшілігінің басшысы Д. Баттулга, төрағалық етуші мемлекеттің қонағы
ретінде Ауғанстан Ислам Республикасының президенті Х. Карзай қатысты.
Осы кездесуде мен, төраға ретінде, әріптестеріме бейбітшілікті дамыту-
дың негізгі бағыттарына сай әрі Ұйымның бірнеше құрылымын ашуды қа-
растыратын «ШЫҰ-ның мейірімді бес ісі» деп аталатын бес оңтайлы мақсат
ұсындым. Олар – Қақтығыстарды реттеу кеңесі (өңірдегі қауіпсіздікті қамта-
масыз ету үшін), Құрылымдық ықпалдастық жөніндегі комитет (құбыр лар
жүйесі мен электр желілері бойынша), Су және азық-түлік комитеті, Төтенше
жағдайлар бойынша кеңес, ШЫҰ болжам жасау орталығы. ШЫҰ қызметін
күшейтудегі Қазақстанның маңызды бастамаларын кездесуге қатысушылар
зор ықыласпен және қызығушылықпен қабылдады. Мерейтойлық саммит
қорытындысы бойынша өткенді саралап, болашақтағы шаруа ның басым
бағыттарын анықтаған ШЫҰ-ның 10 жылдығындағы Астана декларациясы
қабылданады.
2010 жылдың маусымы мен 2011 жылдың маусымы аралығындағы
ШЫҰ-ға Қазақстанның төрағалығы осы құрылымның дамуына, әлеуетін
арттыруға, өңірлік қауіпсіздікті нығайта түсуге зор серпін берді. Жыл бойы
Қазақстанның басшылығымен ШЫҰ аясында түрлі деңгейдегі және фор-
маттағы 120 іс-шара ұйымдастырылды. Астана қаласы ШЫҰ тарихындағы
жаңа онжылдық пен жаңа дәуірді ашты.
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
305
Достарыңызбен бөлісу: |