310
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
кеттердің парламенттік ассамблеясын құру туралы мен көтерген бастама
болды. Кешікпей ол да жүзеге асты. Жаңа құрылымның алғашқы жина-
лысы 2009 жылдың қыркүйегінде – Бакуде, екіншісі 2011 жылдың сәуірінде
Астанада өтті.
Түркі ынтымақтастығының дамуында түркітілдес мемлекеттер басшы-
ларының 2009 жылдың қазанында Әзербайжанның Нахичеван қаласын-
да өткен IX саммитінің маңызы жоғары болды. Онда мен өңірлік бірлестік
ретінде – Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін және Түркі
академиясын құруды ұсындым.
Түркия президенті А.Гүл саммиттен кейін өткен кездесуімізде бүкіл түркі
әлемі туысқан түркі халықтарының бірлігі, ортақ тарихымызды зерттеу, мә-
дени байланыстарды дамыту ісіндегі Қазақстанның бастамаларын жоғары
бағалайтынын айтты.
2010 жылдың мамыр айында Астанада Еуразиялық ғылыми форум өтті.
Форум барысында Түркия президенті А.Гүл екеуіміз Түркі академиясын
аштық.
2011 жылдың қазанында Алматыда Түркітілдес мемлекеттердің ынты-
мақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) I саммиті өтіп, оған мен төрағалық еттім.
Саммитте сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтас-
тықты кеңейту мәселесі талқыланды. Түркі кеңесі саммиті жыл сайын өт-
кізіліп тұратын болды.
Түркітілдес мемлекеттердің жемісті ынтымақтастығы – Қазақстан
Респуб ликасы дәйекті түрде жүргізіп келе жатқан кең және жан-жақты
еуразия лық өзара ықпалдастықтың маңызды да қажетті факторы екені-
не сенімім зор.
Достарыңызбен бөлісу: