ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
403
2016 жылы наурыз айында еңбек ұжымдарының республикалық фо-
румында сөйлеген сөзімде «Жол картасы» тек осы жылы ғана 60 мың қа-
зақстандықты жұмыспен қамтамасыз етіп, мыңға жуық инфрақұрылымдық
жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп атап өттім.
Үкімет жұмыссыздықтың өсуіне жол бермес үшін батыл қадамдар жа-
сады. Қазақстанның барлық аймағында «Жұмыспен қамтуды» қолдаудың
кешенді жоспары бекітіліп, онда 300 мыңнан астам адам қамтылды. 2,2
миллион жұмыс орнын сақтау бойынша меморандумдар жасалды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» индустриалды кадрлық әлеует-
ті дамытуға да бағытталған. Осы бағдарлама бойынша мамандық игеріп,
жұмысқа орналасқан азаматтардың үлесі 2020 жылы 70 проценттен асуы
мүмкін. Жаңа кәсіби мамандық иелері Қазақстанға таяу жылдары-ақ қажет
болары даусыз.
2016 жылдың наурыз айындағы Парламент сессиясының ашылуында
он жылдың ішінде 660 мың жұмыс орнын, соның ішінде 70 мыңын – өңдеу
және инновациялық секторда құру туралы ойларымды бөлістім.
Белсенді «Жол картасы» бағдарламасы да өзге мемлекеттік әлеуметтік
бағдарламалар тәрізді жұмыспен қамту саясатын жүзеге асырудағы пәр-
менді тетікке айналды. Бұл жаһандық дағдарыстың зардаптарын жеңуде
қазақстандықтарға жасалған шынайы және нақтылы көмек болды.
Достарыңызбен бөлісу: