НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қазақстандық қоғам: әл-ауқаттың артуы



Pdf көрінісі
бет217/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстандық қоғам: әл-ауқаттың артуы
2010-шы жылдары қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі өсті: көптеген 
азаматтар банктегі салымдарын ұлғайтты, автокөліктер сатып алды, тұрғын 
үй жағдайларын жақсартты. Мәселен, Тәуелсіздік жылдарында тұрғын үй-
мен қамтылу деңгейі 1,5 есе өсті. 
Дәл бұрынғыдай, отандық және шетелдік туризм белсенді түрде да-
мыды, еңбек демалыстары және каникулдар кезінде отбасымен демалыс 
орындарына барып демалу кең қанат жайды. Егер 2010 жылы қазақстан-
дықтардың шетелге барып демалу көрсеткіші 6 миллион болса, ол 2014 
жылы 10 миллионнан асты. 
Тұтынушылық деңгейі жоғарылады, кедейлердің саны әжептәуір азай-
ды. Табысы күнкөріс минимумынан төмен тұрғындардың саны 2010 жыл-
дардың алғашқы жартысында екі еседен аса қысқарды, сөйтіп, 3 процент-
тен кем болды.
2016 жылы Қазақстан өз газымен өзін қамтамасыз етуге толықтай көшті. 
Бұл тек экспорт көлемін ғана ұлғайтып қойған жоқ, сонымен бірге жүздеген 
мың қазақстандықтың тұрғын үйлерін газбен қамтамасыз етуге қол жеткізді.
Қазақстандықтар үшін мемлекеттің аналарға, әйелдерге, балаларға, отба-
сыларына көрсетіп отырған қамқорлығының өтеуі өлшеусіз, маңызы аса зор.
2013 жылдан бастап күнтізбеде Отбасы күні белгіленіп, ол қыркүйек ай-
ының екінші жексенбісінде атап өтіле бастады, сондай-ақ «Мерей лі отба-
сы» жалпыұлттық байқауы да кең танымал болды. Халық асыға күтетін 8 
наурыз мейрамы қарсаңында жыл сайын «Көктем шуағы» мерекесін қарсы 
алу дәстүрге енді. Мұндай мерекелерде мен ару-қыздарымызды Халық-
аралық әйелдер күнімен қызу құттықтап, көпбалалы аналарға «Алтын алқа» 
тағып, марапаттаймын.
2016 жылы наурыз айындағы «Көктем шуағы» мерекелік кездесуінде 
Тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктеріміз әйел-аналардың қаты-
суымен, солардың ерен еңбегінің арқасында жүзеге асқанын айрықша 
атап өттім. Әйелдің ең басты міндеті – ана болу.
2010-шы жылдардағы әлеуметтік сауалнамалар жақсы қоғамдық көңіл 
күйді бағамдатты. Әлемдік дағдарыс пен ақшаның құнсыздануына қара-
мастан, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі тұрақты болып қалды және 
2010-шы жылдары жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі орташа деңгейден жоға-
ры болды. Халықтың әл-ауқатын зерттейтін Legatum халықаралық инсти-
тутының рейтингінде Қазақстан 2014–2015 жылдары 55-56 орындарды 
иеленсе, адамзат дамуының рейтингінде (Human Development Report) 
2015 жылы 14 позицияға көтеріліп, 56-орынға шықты.


406
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Тәуелсіздік жылдарында бір адамға шаққандағы ішкі жалпы өнім 13 
есе өсті. Қазақстандықтар бірте-бірте доллар эквивалентіне тәуелділіктен 
шығып, жеке және отбасылық бюджетін теңгемен неғұрлым көбірек есеп-
тейтін болды. Экономиканың даму нәтижесінде өмір сүрудің қаншалықты 
жақсара түскенін азаматтар сезіне бастады. Қазақстандық ғаламат дегеніміз 
осы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет