НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет220/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Жастар үшін жаңа мүмкіндіктер 
Тәуелсіз Қазақстанда өмірге келген жаңа ұрпақ 2010-шы жылдары 
кәмелеттік жастан асып, өз бетінше өмір сүруді бастады. Сөз жоқ, олар 
алуан түрлі салада еңбек етіп, белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетеді, ал 
мемлекет болса, әрбір жас азаматтың өз елінде сұранысқа ие болуы үшін 
барлық мүмкіндіктерді жасайды. 
Менің ойымша, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. 2012 жылдың 
шілдесіндегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ ең-
бек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаламда Қазақстаннан тыс жерде 
жұмақ жоқ екенін, еш жерде, әлемнің ешбір елінде бәріне бірден ие болу 
мүмкін еместігін, туған Қазақстанда еңбек етіп, өз әлеуеттерін жүзеге асы-
рулары қажет екенін атап көрсеттім. Мен жас ұрпақ үшін тиімді әлеуметтік 
лифтілер құру және өз бетінше өмір сүруге, ынталы еңбекке дағдылану 
жүйесін қалыптастыру қажеттілігіне ерекше тоқталдым. 
Жастардың бойындағы күш-қуатты дұрыс арнаға бағыттау үшін жас 
қазақстандықтар арасында жұмыссыздықты жою керек екенін анық 
түсіндім. Сондықтан Үкіметке 2011–2014 жылдарға есептелген «Жұмыспен 
қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына жастардың еңбек тәжіри-
бесін енгізуді және әлеуметтік жұмыс орындарын ашуды тапсырдым. 
Осылайша жұмыссыз жастардың санын азайтуға, жұмыссыздықтың 
өсуіне жол бермеуге қол жеткізілді. Жасөспірімдер арасындағы жұмыссыз-
дық (15-18 жастағы азаматтар) 4 процентке төмендеді. Бұл – екі онжыл-
дықтағы ең төменгі көрсеткіш. Бұл бағыт бойынша мемлекет тарапынан 
жүзеге асырылатын жұмыстар 2010-шы жылдардың екінші жартысына 
дейін де жалғаса береді.
2015 жылы ақпан айында «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға 
қол қойылды. Осылайша кеңес беру-ақылдасу кеңестеріне жастардың 
қатысуы қамтамасыз етілді, жастар форумдарының мәртебесі бекітілді
жастардың ресурстық және әлеуметтік қызмет орталықтарындағы қызметі 
реттелді, жоғары оқу орындары мен еңбек ұжымдарындағы жастардың 
өзін-өзі басқаруы қарастырылды. 
Мемлекеттегі білім беру жүйесі жақсарған және үдерісті сипатта болған 
сайын сол ел жастарының мүмкіндіктері молая түсері сөзсіз. Бұл тұрғы-
да Қазақстанның жағдайы мақтанарлықтай: қазақстандық жастардың білім 
деңгейі (99,8-99,9 процент) біздің еліміздің БҰҰ-ның адами даму индексі 
бойынша жаһандық рейтингінің көш басында тұруын қамтамасыз етті. 


410
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Мемлекет жастардың алған білімі іс-жүзінде кәдеге асуына ұдайы 
қамқорлық жасайды: 2017 жылы орта мектептің әрбір түлегі мемлекет 
есебінен алғашқы мамандыққа қол жеткізе алады. 
Жастарға қолдау көрсету көптеген түрлі мемлекеттік бағдарламаларда қа-
растырылған, бұлар 2016 жылы жарты миллионнан астам адамды қамтыды. 
Мәселен, «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы аясында жас отбасыларға 3,5 
мың пәтер бөлінді. Болашақ ұрпақтың мүддесі мен маңызды қажеттіліктері Ұлт 
жоспарында ғана емес, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Бизнестің 
жол картасы-2020», сондай-ақ «Дипломмен – ауылға!», «Жасыл ел», Жастар-
дың кадрлық резервтері, «Жастар – Отанға!», Ұлттық Дельфий ойындары, 
«Жайдарман» КТК (КВН) және басқа да арнайы жобаларда көрініс тапқан. 
Білім беру және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 2000 жылы 
құрылған жастардың ресурстық орталықтар желісінің саны екі жүзге жетті. 
Әкімдер басқаратын Жастар ісі аймақтық кеңестерінің қызметі жанданды-
рылды. Кәсіпорындарда, жоғары оқу орындары мен колледждерде жастар 
ісі комитеттері құрылды. 
2016 жылдың наурыз айында Ақтөбе қаласында «Жастық! Жігер! Ең-
бек!» атауымен республикалық жастар форумы өтті, бұл ауқымды шараға 
үш мың жігіт пен қыз жиналды. Жастарға арнаған сөзімде өзімнің шын 
жүректен жастардың білімге, шетел тілдерін білуге, жаңалықтарға ашық бо-
луына қуанатынымды айттым. 
2010-шы жылдары әскери-патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөлінді. 2016 
жылдың маусым айында Қарағанды облысындағы Спасск полигонын-
да «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиыны өтіп, бұл шараға 
әскери-патриоттық клубтар, әскери мектеп оқушылары, студенттер қаты-
сты. Қазақстандықтардың дүниетанымын жаңартып, олардың болашаққа 
деген тың көзқарасын қалыптастыруды мұрат тұтқан «Рухани жаңғыру» 
бағдарламасы жастарға кеңінен жол ашты. 2017 жылғы 4 қыркүйекте өт-
кен Парламенттің үшінші сессиясында мен қоғамдық сананың жаңғыруы 
қазақстандықтар үшін – прагматикалық, бәсекеге қабілеттілік, ашықтық – 
қайта түлеуге жол ашатынына сенім білдірдім. 
Еңбекпен қамту деңгейін, сондай-ақ азаматтардың саяси және азамат-
тық белсенділігін ескерген 2016 жылғы жастар дамуының жаһандық ин-
дексінде Қазақстан 183 елдің арасында Түркия (62-орын), Ресей (110-орын) 
және Қытай (118-орын) елдерін артқа тастап, 61-ші орынды иеленді.


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
411


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет