НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Тарих – қоғамды ұйыстырудың қуатты факторы



Pdf көрінісі
бет224/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Тарих – қоғамды ұйыстырудың қуатты факторы
2010-шы жылдары қуанышы мен қайғысы ортақ барша ұлт өкілдерін 
тұтастыратын, Отан тарихында орны бар маңызды батырлық және қай-
ғылы оқиғаларды сана сүзгісінен өткізуге ерекше мән берілді. 
2012 жылы 31 мамыр – Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде біз 
«1932-1933 жылдардағы «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» мону-
ментін аштық. Ашылу салтанатында сөйлеген сөзімде мен алапат гумани-
тарлық қырғынды – Қазақстанның солтүстігіндегі 1,5 миллион тұрғынның 
аштан қырылғанын еске алдым. Аштықтың, зорлықпен жер аударудың, 
адам шығынының себебі – тоталитарлық жүйе болатын. 
Алайда тарихты таразылай отыра, ақылға сала отыра, асыра саясилан-
дырудан сақтануымыз керек. Біз ортақ тарихымыздың өзге бір парағын да 
есте ұстағанымыз жөн. Барлық қиындықтарға қарамастан, қазақ халқының 
қонақжайлылығының арқасында күшпен көшірілгендер мен жер аударыл-
ғандар Қазақстанда жаңа өмір бастады. Олардың бүгінгі ұрпақтары – біздің 
отандастарымыз. Бәріміз бірге күшті де тәуелсіз Қазақстанды құру жолын-
дамыз. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
415
2013 жылы әлемнің ірі архивтерінде жатқан Қазақстан тарихына қатысты 
құжаттарды жүйелі түрде іздеу және зерттеу бойынша «Халық тарих толқы-
нында» атты жоба қабылданды. Менің терең пайымдауымша, Қазақстан-
ның ұлттық тарихы біздің қоғамды біріктіру, көрші елдермен достық және 
өзара түсіністік қағидаттарына негізделуі тиіс. Ғылыми зерттеулер, мектеп 
пен жоғары оқу орындарында оқыту да тап осы көзқараспен жүргізілуі 
қажет. 
Тарих тақырыбы 2013 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық 
– бір ел – бір тағдыр» деген атаумен өткен ҚХА-ның ХХ сессиясында да 
көтерілді. Қазақ халқының ұлттық мемлекеттің қуатты діңі екенін айта келе, 
мен қазақ әлемінің тарихи тұрғыда ешқашан тар моноэтносты және мо-
номәдениетті болмағанын атап өттім. Біз ешқашан да әлемдік өркениет 
үдерісінен бөлек дамыған емеспіз. Оның үстіне, біздің ата-бабаларымыз 
осынау әлемдік үдерісті өздері қалыптастырды. Біздің Қазақстанда тұратын 
барлық этностық топтармен Еуразия ауқымында талай ғасыр бірлесе өмір 
сүріп жатқанымызды атап көрсету қажет.
Мен сол жолы түрлі этностардың ел тарихы мен ғасырлар бойғы мә-
дениетіне қосып отырған үлесін және қазақтардың өзге халықтармен 
экономикалық қарым-қатынасын жоққа шығаруға жол бермеу керектігін 
баса айттым. Бізге жалпыұлттық тарихи сана-сезім қажет. Тарихты тануы-
мыз – тұтас оң сипатта болуға, қоғамды бөлініске салмай, біріктіруге тиіс.
2015 жылдың сәуір айында өткен ҚХА-ның XXII сессиясында тарихы-
мыздың ең бір қасіретке толы парақтарының өзін зерттеуде шынайы 
көзқарас пен саяси ерік-жігер танытуға шақырдым. Біз өзіміздің қиын 
тарихымыздан сабақ алуға тиіспіз. Ол этносаралық қатынастар тарихы 
сияқты маңызды мәселеге де қатысты.
Мен біздің көпэтностығымызды кеңестік саяси жүйе жасап шығарған-
мен, тағдырдың жазуымен қазақ жеріне қоныс тепкендердің көпшілігі, ұл-
тына қарамастан, қазақстандық болып шыққанын еске салдым.
Оның үстіне, көптеген кеңестік азаматтар Қазақстанға өз жүрек қала-
уымен келіп, өнеркәсіп өндірісін салуға, тың жерлерді көтеруге қатысты, 
сөйтіп осы жерде жаңа Отанын тапты. Біз бәрін біртұтас, топтасқан ха-
лыққа біріктіре алдық.
Тарих пен заманауи кезеңнің байланысын терең зерделей білу – 
2014 жылғы 15 желтоқсандағы салтанатты жиын кезінде сөйлеген сөзімнің 
лейтмотивіне айналды. Алда келе жатқан 2015 жылы көптеген маңызды 
істер күтіп тұрған еді: Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жыл-
дығы; Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы; Қазақ хандығының 
550 жылдығы; Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы.


416
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Мәдение мұраға деген құрмет – тарихи оқиғалар ескерткіші ретін-
де ұлттың бірыңғай сана-сезімінің мәнді бөлігі. 2015 жылы Қазақстанда 
атақты ғылым және мәдениет қайраткерлерінің мерейтойлары: көрнекті 
шығыстанушы, ғалым Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығы, Ұлы Абайдың 
170 жылдығы және аса көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің 100 жыл-
дығы кеңінен аталып өтті. Біздің елімізде қос мереке – Отан қорғаушы-
лар күні мен Жеңіс күні бірінен cоң бірі аталып өтеді.
Бірыңғай ұлт тарихын нығайтатын киелі атаулы күндер арасында қа-
зақстандықтардың ерекше атап өтетін мейрамы – Жеңіс күні. Астана қа-
ласында 2015 жылғы мамырдың 7-сі күні Жеңістің 70 жылдығына арналған 
әскери шеру болып өтті. 
Бұл екі мерекенің бірінің артынан бірі келуінің символдық мәні бар. Бұл 
әскери дәстүрлердің сабақтастығын білдіреді. Майдандағы әскери ерлік 
пен тылдағы жанкешті еңбек Жеңісті жақындата түсті. 
Қазақстан халқы Ұлы Отан соғысының батырларын зор құрметпен 
қастерлейді. 2008 жылы Астанада Кеңес Одағының Батыры Бауыржан 
Момышұлына ескерткіш орнатылды. 2015 жылы 7 мамырда «Жерұй ық» 
саябағында батыр панфиловшыларға арналған монумент салтанатты 
түрде ашылды. 2016 жылдың 19 қазанында Астана қаласында Рақымжан 
Қошқарбаев ескерткішінің ресми ашылуы өтті. 1945 жылы Қызыл армия 
құрамындағы қазақ солдаты ресейлік Григорий Булатовпен бірге бірінші 
болып Рейхстагтың төбесіне Жеңіс туын тікті.
Айтулы күндер, оқиғалар, мерейтойлар – Қазақстан тарихы мен мә-
дениетінің кезеңдері, асқан асулары. Бірін-бірі толықтыра отырып, олар 
ұлттық тарихымыздың бірлігін нығайтып, қазақстандық қоғамды ұйыстыра 
түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет