НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Екінші кезең. Мемлекеттікті нығайту және дағдарысты еңсеру



Pdf көрінісі
бет262/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Екінші кезең. Мемлекеттікті нығайту және дағдарысты еңсеру 
(1990-шы жылдардың екінші жартысы)
Президенттік институт пен Қазақстан Республикасының Конституциясы 
мемлекеттілік пен саяси тұрақтылықтың мызғымас қос тірегіне айналды.


492
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Берік іргетас дағдарысты жеңіп шығуға және ұзақ мерзімді мемлекет-
тік стратегия негізінде жүйелі, жоспарланған дамуға жол ашты. 1997 жылы 
«Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттер 
арасында Қазақстан ХХІ ғасырға бірінші болып көз тікті. 
Астананы көшіру туралы шешім біздің келешекке деген нық қадамы-
мыздың дәлелі болды. Қиындықтар мен күмәнға қарамастан, мемлекет-
тік құрылымдар жаңа елордаға ойдағыдай қоныс аударды. Астана туралы 
шешім – Тәуелсіздік Дәуірінің аса маңызды оқиғасы.
Ішкі саясатта мемлекеттік басқару жүйесі нығая түсті. Мажоритар-
лы-пропорциялық аралас сайлау жүйесіне көше бастадық. Конституцияға 
1998 жылы енгізілген түзетулер ішкі саяси процестер мен институттардың 
дамуына қосымша серпін берді. Еліміздің сайлау процестері мен саяси 
өмірінде партиялардың рөлі артты. 
1990-шы жылдардың ортасында ІЖӨ-нің өсуі байқалды. Елдегі эконо-
микалық және әлеуметтік жағдай тұрақталып, оңала бастады. Бұл – Қа-
зақстанның Кеңес Одағы күйрегеннен кейінгі дағдарысты жеңіп, өсу жо-
лына түскенін білдірді. 
Біз шетелдік инвестициялар тартуға баса назар аудардық. Бұл көрсеткіш 
бойынша Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында топ жарды. 
Өсу мен оң өзгерістердің жалғасуына барлық негіз жасалды. Бірақ 
1997–1998 жылдардағы әлемдік экономиканы Азиялық қаржы дағдарысы 
күйзелтіп кетті, соның салдарынан біздің еліміздегі әлеуметтік-экономика-
лық жағдай қайта нашарлап, шұғыл әрекет талап етті.
Дағдарысқа қарсы батыл саясаттың және барынша терең нарықтық 
трансформацияның арқасында Қазақстан ауқымды қаржы дағдарысы мен 
дефолтты айналып өтті. 
Мемлекеттің белсенді саясаты әлеуметтік-экономикалық жағдайды 
тұрақтандыруға және өсуге мүмкіндік берді. 1999 жылы ұлттық экономика-
дағы үлкен өрлеу басталды. Экономикалық транзит сәтті өтті деуге болады. 
Осылайша, 1990-шы жылдардың дағдарысын жеңіп шықтық.
Тәуелсіздіктің екінші кезеңінде қазақ ұлтының түлеуі жалғасын тапты, 
Қазақстан халқының бірлігі мен азаматтық ынтымағы нығайды. 
1998 және 1999 жылдардағы парламент және президент сайлаулары 
қоғамдық-саяси ынтымақтың маңыздылығын айқын көрсетті. Сайлау нәти-
желері ел дамуындағы орнықтылықты сақтап, тәуелсіздіктің келесі кезеңін-
дегі саяси тұрақтылық пен стратегиялық жүйелілікті қамтамасыз етті. Сая-
саттағы өтпелі кезең де осылай негізінен оңтайлы өтті. 
Қиындықтарды бірге жеңген қазақстандықтар реформалар мен эконо-
миканың нарықтық трансформациясының жемісін көре бастады.


ТҰЖЫРЫМ. ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢДЕРІ 
493
Осы кезеңде біз «көпвекторлы саясат» ұстанып, конструктивті сыртқы 
саяси стратегиямызды жүзеге асыруды жалғастыра бердік. Оның мәні – 
өзінің серіктестерімен теңқұқылы, өзара тиімді қарым-қатынас қалыптас-
тыру және оны нақты іспен қолдау, ынтымақтастық пен әлемдік істерге 
араласуға дайын елдермен өзара түсіністікте іс-қимыл жасау. 
Біздің еліміз Ресеймен, Қытаймен және АҚШ-пен, Еуропа және Азия-
мен тиімді ынтымақтастықта болды. Тату көршілік пен қауіпсіздіктің белдеуі 
жасалды, көрші мемлекеттермен және жетекші державалармен достық қа-
тынастар нығайды.
Негізінен, біз бесжақты «шанхай» форматымен өзара әрекеттестікті 
белсенді жақтадық. Кеден одағын құруға талап қылдық. АӨСШК бастамасы 
жалғасын тапты.
Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінде Қазақстан әлемге аса танымал емес 
болса, екінші кезеңінің соңында жағдай түбегейлі өзгерді. Қуатты сыртқы 
саясат Қазақстанды әлемдік қоғамдастықтың белгілі және көпшілік мойын-
даған мүшесі етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет