НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Төртінші кезең. Қалыптасқан мемлекет



Pdf көрінісі
бет264/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Төртінші кезең. Қалыптасқан мемлекет 
жаңа жаһандық ахуалда (2010-шы жылдар)
ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында әлем тұрақсыздық пен жаңа са-
палы трансформация кезеңіне аяқ басты. Шындығында, адамзаттың көз 
алдында «жаңа жаһандық ахуал» пайда болды. 


ТҰЖЫРЫМ. ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢДЕРІ 
497
Оған біз қалыптасқан мемлекет ретінде «Қазақстан-2050» стратегия-
сымен жауап бердік.
Жаңа стратегияны қабылдауға барлық негіздер бар еді: Қазақстан 
жаһандық дағдарыстың салдарын жеңіп, әлемнің бәсекеге анағұрлым қа-
білетті елу елінің қатарына кірді және 2030 стратегиясының басты міндет-
терін мерзімінен бұрын іске асырды.
Тәуелсіздіктің төртінші кезеңінің мәні – 2050 стратегиясынан айнымай, 
жүйелі алға басу. «Қазақстан-2050»-дің саяси бағдары – жаңа ғасырдағы 
біздің ұлттық идеямыз. Оның жас буын үшін ерекше тарихи міндеті – жоға-
ры сапалы өмір мен адам капиталының үдемелі дамуын қамтамасыз етуге 
баса назар аудара отырып, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру.
2010-шы жылдардың бастапқы кезеңінде Бірінші (2010–2014 жылдар) 
және Екінші (2015–2019 жылдар) индустриалды-инновациялық бесжыл-
дықтар бағдарламасы аясында негізгі экономикалық жаңғырулар жасалды.
2014–2015 жылдары бір-бірімен үстемелей түскен бірқатар сын-қатер-
лер әлемдегі саяси-экономикалық жағдайды күрделендіре түсті. Әлемнің 
жалпы ахуалына тегеуірінді ықпал еткен оқиғалардың тұтастай тізбегі жүріп 
өтті. Олардың қатарында әлемдік экономика дамуының едәуір баяулауын; 
геосаяси дағдарысты және Батыс пен Шығыс арасындағы қатынастар-
дың шиеленісуін; санкциялық, ақпараттық, сауда, валюта жанжалдарының 
өршуін; жаһандық нарықтарда әлемдік бағалардың құлдырауын, валюта 
дағдарысын; жаһандық басқару жүйесіндегі ақауларды айтуға болады.
Мен 2014–2016 жылдары әлемдік саяси және экономикалық жағдайлар-
дың нашарлауына байланысты, жаһандық сынақтар кезеңінде мемлекетті 
күшейтуге тиісті Бес институционалды реформаны ұсындым. Экономика-
ның қосымша қозғаушы күші инфрақұрылымдық-экономикалық сипаттағы 
«Нұрлы жол» (2014) бағдарламасы болды. Осы айрықша жоспарларын іске 
асыру дамудың тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді және жаңа жаһан-
дық ахуалға барынша жылдам бейімделуге жағдай жасады.
ХХІ ғасырдың екінші он жылдығынан бастап тарихи уақыт жылдамдай 
түсті. Әлемде болып жатқан өзгерістердің түпкі мәні – «Жаһандық өтпелілік» 
ретінде сипатталған әлемдік даму парадигмаларының ауыса бастауын-
да. Жаңа мегатрендтер мен озық экономикалардың жаңа технологиялық 
үрдіске көшуі еларалық бәсекені де шиеленістіре түсті. 
Алғашқы тренд геоэкономикадан туындайды. Алдыңғы қатарлы ел-
дердің жаңа технологиялық арнаға түсуі – дәстүрлі индустриалдық эконо-
микасынан жоғары технологиялар экономикасына көшуін білдірді. Тап-
таурын технологиялық арнада қалып қойған елдер ұзақ мерзімге немесе 
мәңгілікке «кедейліктің технологиялық қақпанына» түсіп, әлемдік дамудың 


498
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
жұртында қалуы мүмкін. Мұндай жағдай бірінші индустриалдық револю-
ция дәуірінде де болған, яғни «бу машинасы» әкелген индустрияны игер-
меген елдер қыр астында қалып қойған. Біз, қазақстандықтар «техноло-
гиялық аламаннан» тыс қала алмаймыз, керісінше оның маңдай алдында 
болуға тиістіміз.
Екінші тренд геосаясаттан туындайды. Қазір жаһандық әлемдік құрылым 
көпполярлыққа көшуде, соның әсерінен мемлекеттер арасындағы сая-
си, экономикалық және технологиялық бәсеке үдей түсуде. Көпполярлық 
жүйе ге көшу басқаруға ырық бермей, жаһандық институттарды дағдарысқа 
түсіруде. Жаһандық тәртіптің дүрбелеңінде ұлттық мемлекеттер мен эконо-
миканың рөлі арта түсуде. 
Үшінші тренд жаңа даму парадигмасынан туындайды. Ұлттық адам ка-
питалының сапасы әлемдік экономика өсуінің басты факторына айналуда. 
Жаңа дүниедегі адамдардың дайындық деңгейі – ұлттық экономика мен 
мемлекеттік дамудың шешуші ресурсы. 
Жаһандық ауысулар мүлде жаңа «әлем картасын» қалыптастырады, 
жаңа көшбасшы елдерді анықтап, аутсайдер-мемлекеттер легін де жаңар-
тады. Бұл құбылыс бізді сынға салумен бірге, алдымыздан ғаламат мүмкін-
діктер ашып отыр. Әлемдік бәсекенің күрт күшеюі бізден үздік отыз елдің 
қатарына ену жолында ерекше қадамдар талап етеді. Мен осыны қаперге 
ала отырып «Қазақстан-2050» стратегиясы мен жаңа жағдайдағы Ұлт жоспа-
рын іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстанның үшінші жаңғыруын жа-
рияладым. Жаңа бағдардың мызғымас мақсаты – 2050 жылы әлемнің ең 
дамыған отыз елінің қатарына қосылу. 
«Қазақстан-2050» стратегиясының ұзақ мерзімді көкжиегі тұрғысынан 
алғанда, бұл, әрине, келешекке ұмтылған жас ұрпақ жүріп өтетін сындарлы 
сапары. Біз, сыртқы сын-қатерлер мен сынақтарға қарамастан, өз жолы-
мызбен қарыштап алға басып келеміз.
Үшінші жаңғыру бойынша батыл шаралар қолға алынды. Билік тар-
мақтарының арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Конституция-
лық реформа жасалды, Қоғамдық сананы жаңғыртуға байланысты маңыз ды 
жұмыстар қолға алынуда. Үшінші жаңғыруды таяудағы он жылдықта жүзеге 
асырудың нақтыланған құжаты – 2025 стратегиялық жоспары дайындал-
ды. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, жаңа инвестициялық 
және экспорттық стратегия әзірленді, оларға тиісті заңнамалық база жа-
сақталды. Олар 2018 жылдан бастап күшіне енеді. Үкімет пен әкімдерге 
нақты міндеттер жүктелген. Орындау мен тиімділікті бағалаудың айқын 
критерийлері белгіленген. 


ТҰЖЫРЫМ. ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢДЕРІ 
499
Осылайша, 2018 жылға қарай Үшінші жаңғыру бағдары толық айқын-
далды. Еліміз нені, қалай жасау керектігін жете түсініп отыр. Кең-байтақ 
еліміздің түкпір-түкпірінде ауқымды жұмыстар қолға алынуда.
Алғашқы жемісті нәтижелеріміз де бар. Қазақстан 2016 жылы тиянақты 
макро экономикалық саясаттың арқасында, 2014-2016 жылдардағы сыртқы 
теріс ықпалдың тегеурініне төтеп бере отырып, экономиканың өсімін қал-
пына келтіре алды. 2017 жылы ІЖӨ 4 процентке өсті. Осылайша, Қазақстан 
объективті көрсеткіштер бойынша дамудың жаңа қарқынына дайын екен-
дігін анық байқатты.
2017 жыл Қазақстан үшін мерейлі де, айтулы, күрделі оқиғаларға толы 
жыл болды. ЭКСПО-2017, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның саммиті, БҰҰ Қауіпсіздік 
Кеңесіне мүшелік, Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы, Қазақстан халқы 
Ассамблеясы, Халықаралық байытылмаған уран банкін ашу, Сирия жөнін-
дегі Астана процесі, Универсиада сияқты айтулы оқиғалар Қазақстанға 
төрткүл дүниенің назарын аударып, еліміздің әлем қауымдастығы алдын-
дағы абыройын асқақтатты.
Қазақстанның даму қарқыны өз екпінін төмендетпей үнемі алға тартып 
келеді, ел дамуындағы парадигмалардың ауысу процесі біздің көз алды-
мызда өтіп жатыр. Қазақстан Республикасы аймақтық державаға айнал-
ды, оның халықаралық абырой-беделі осыны айқын дәлелдеп отыр. Одан 
өзге, біздің әлемнің дамыған отыз елінің тобына енуімізді қамтамасыз 
ететін Үшінші жаңғырудың аса күрделі міндеттері өзінің оңтайлы шешімін 
табу үстінде. 
Біз өз келешегіміздің көкжиегін айқын анықтай алдық. Ол 2017 жылы 
жаңа кезеңнің – ЖАСАМПАЗДЫҚ ДӘУІРІНІҢ басталғанын әйгілейді.


500
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет