75
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
елдегі этностық топтар арасындағы диалог алаңы болатын құрылым керек
еді.
1995 жылдың 1 наурызында мен ҚХА-ны құру туралы Жарлыққа қол
қойдым. Сол арқылы басты міндеті мемлекет пен азаматтық қоғам инсти-
туттарының әріптестігі негізіндегі этностар мүдделерінің бірігуін қамта-
масыз ету, тиімді этносаралық қарым-қатынас жүргізу және ортақ саяси,
құқықтық, мәдени орта қалыптастыру болып табылатын жаңа консульта-
тивті-кеңес органы құрылды.
Қазақстан халықтары Ассамблеясы басынан бастап этностық топтар
өкілдіктерінің механизмі, мемлекеттік этностық саясатты жүзеге асырудың
маңызды институты есебінде ойластырылды. Ассамблеяның жоғары орга-
ны ел президентінің төрағалығымен өтетін сессия болып табылады. Оның
барша шешімдерін мемлекеттік органдармен қоса, азаматтық қоғам инсти-
туттары да міндетті түрде қарауы керек.
ҚХА-ның алғашқы сессиясы 1995 жылдың 24 наурызында Алматыда
менің төрағалығыммен өтті. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан 40
этномәдени бірлестіктің өкілдері қатысты.
Тереңнен ойластырылған ішкі саясат жүргізе отырып, көптеген сарапта-
малық болжамдар мен әртүрлі пиғылдарға қарамастан, біз қазақ жеріндегі
этносаралық қарама-қайшылықтардың алдын алып, жанжалға, ішкі қиын-
дықтарға жол бермедік және сол арқылы Қазақстанның көпұлтты халқы-
ның болашаққа жарқын жол салуына жағдай жасадық.
Осылайша, Қазақстан 1980–1990 жылдары ұлтаралық бейбітшілік пен
келісімнің іскер формуласын жасап, этносаралық және дінаралық жанжал-
дарға жол бермеді, посткеңестік оқшаулану дағдарысынан аман өтті.
Достарыңызбен бөлісу: