НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет39/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Азаматтық қоғамның қалыптасуы 
Азаматтық келісім, қоғамдық қозғалыстардың өзара және мемлекетпен 
позитивті қарым-қатынасы – жалпыұлттық бірліктің маңызды элементі. 
1993 жылы қоғамдық қозғалыстар өкілдерімен болған әңгіме барысында 
мен оларды жалпы талқылаулармен және салғыласумен ғана айналыспай, 
ортақ игілікке әсер ететін пайдалы идеялар ұсынуға шақырдым.
Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арасында еңбекшілердің 
құқығын қорғайтын кәсіподақ ерекше орын алады. 1993 жылы қабыл-
данған «Кәсіптік одақтар туралы» заң қазақстандықтарға өздерінің еңбек-
тегі мүдделерін заң тұрғысында қорғауға, әлеуметтік-экономикалық саясат-
ты талқылау мен жасауда өз дауысы болуына мүмкіндік берді. 


76
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
1991–1995 жылдары Әділет министрлігі азаматтық қоғамды дамытуға 
ықпал ететін 500-ден астам қоғамдық ұйымды тіркеді. Саяси партиялар, 
бұқаралық қозғалыстар, кәсіптік одақтар, әйелдер, ардагерлер ұйымда-
ры, мүгедектер ұйымдары, жастар мен балалардың бірлестіктері, ғылыми, 
техникалық, мәдени-ағартушылық, мәдени-спорттық және басқа да ерікті 
қоғамдар, шығармашылық одақтар, қоғамдастықтар мен азаматтық қоғам-
ның басқа да институттары қоғамдық бірлестіктерге жатқызылды. 
Бастапқы кезде ҮЕҰ стихиялы түрде барлық жерде құрылды. Көптеген 
бірлестіктер жылдам құрылып, іле-шала жабылып жатты. Мемлекет өз та-
рапынан үкіметтік емес сектормен қарым-қатынастың жалпы принцип-
терін жасады. Қазақстандық қоғамды әлеуметтік тұрғыда жаңғыртудағы 
саяси-құқықтық тетіктердің маңызы барынша айқындала түсті. 1999 жылдың 
желтоқсанында мен әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты республикалық 
комиссия құру туралы қаулыға қол қойдым, әрі ол конструктивті әлеумет-
тік-экономикалық және еңбек қарым-қатынасын дамытуға бастау болды.
Барлық азаматтық қоғамның қалыптасуына 1995 жылы республикалық 
референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 
үлкен ықпал етті. Жаңа Конституция идеологиялық және саяси әртектілікті, 
қоғамдық бірлестіктердің заң алдындағы теңдігін паш етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет