НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қазақстан ғылымының алғашқы қадамдары



Pdf көрінісі
бет44/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстан ғылымының алғашқы қадамдары 
1990-шы жылдардың басында Қазақстанда 200-ден астам ғылыми ме-
кеме жұмыс істеді. Бүкіл зерттеу жұмыстарын Қазақстан Республикасының 
Ғылым академиясы үйлестірді. Қаржыландырудың қысқаруы мен эконо-
микалық дағдарысқа қарамастан, мемлекет іргелі ғылымдарды дамытуға 
ерекше көңіл бөлді. 1992 жылы ғылым саласындағы басқару функциялары 
берілген Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі құрылды.
1993 жылдың қаңтарында оны жаңа қайта құру күтіп тұрған еді: жаңа 
Жарлыққа сәйкес қазақстандық ғылыми құрылымдар республиканың жоға-
ры ғылыми мекемесі мәртебесіне ие болған Ұлттық ғылым академиясына 
біріктірілді.
Дәл сол жылдары шешуші ғылыми-техникалық бағыттар бойынша 
ұлттық ғылыми орталықтар құрыла бастады. 1992 жылдың мамыр айын-
да Семей сынақ полигоны кешені базасында ядролық технологиялар са-
ласы бойынша Ұлттық ядролық орталық құрылды. Сондай-ақ ғарыштық 
технологиялар, радиоэлектроника, информатика мен есептеу техникасы, 
биотехнологиялар, минералды ресурстар жөніндегі ғылыми орталықтар да 
пайда болды.
1992–1993 жылдары стандарттауға, ғылыми кадрларды аттестациялауға, 
ғылыми-зерттеу жұмыстарын тіркеуге, депондандырылған қолжазбалар 
мен диссертациялар үшін, патенттер беруге арналған арнайы ғылыми-тех-
никалық құрылымдар ұйымдастырылды.
Экономикалық дағдарыс ғарыштық, стратегиялық зерттеулер, шығыста-
ну және тағы да басқа жаңа ғылыми-зерттеу институттарының пайда бо-
луына кедергі келтіре алмады.
Үкіметтің 1992 жылдың 23 шілдесінде қабылдаған «Жоғары аттестациялық 
комиссия туралы» қаулысы қазақстандық ғылыми кадрлар даярлау жүйесіндегі 
маңызды қадам болды. Жоғары аттестациялау комиссиясына диссертациялық 
жұмыстардың сапасына, олардың ғылыми және практикалық мәніне бақылау 
жасау функциясы берілді. Сол арқылы ізденушілер тұңғыш рет республика-
ның өзінде ғылыми мәртебе берілгені жөнінде дипломдар ала бастады. Аспи-
рантурада жаңа мамандықтарға оқыту қолға алынды.
Тарих ғылымы бұрынғы идеологиялық догмалардан және бағыттар-
дан азат етілді. Бұл бағыттағы маңызды қадам 1993 жылы белгілі тарихшы 


84
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
М. Қозыбаевтың редакциясымен жарияланған «Қазақстан тарихы» оқу-
лығы болды.
1995 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы Президенті жа-
нындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес жаңа Тарихи сананы 
қалыптастыру тұжырымдамасын қабылдады. Тұжырымдамада тарихты 
оқытудың өзекті мәселелері – тарихи ой-сананың басымдықтары, тарих 
ғылымының кейбір проблемалары мен тарих ілімінің перспективалары қа-
растырылды.
1990-жылдардың бірінші жартысына көз салғанда, біздің ғалымдары-
мыздың, оқытушыларымыздың, инженерлеріміздің ең ауыр кезеңнің өзін-
де өз борыштарына адал болып, теңдессіз игіліктер – білім мен жарқын 
болашаққа деген сенімді сақтай білгенін аңғаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет